Ұштағыш тарихы

Ұштағыш тарихы
Фото: fortytwo.sg

Қарындаштың ұшын ұштағыш көмегімен ашамыз. Осы ұштағыштың тарихын білесіз бе? Оның қандай түрлері бар екенінен хабарыңыз бар ма?

Ұштағыш – қарындаштың ұшын шығаруға арналған құрал. Ертеде қарындашты пышақпен не ұстарамен егеп, ұштаған екен. 1828 жылы француз математигі Бернард Лассимон қарындаштың ұшын шығаратын ұстараны өз атына патенттеген екен.

Уақыт өте келе ұштағыш жаңа қалыпқа түсті. Біздің қолданып жүрген ұштағышымыз 1855 жылы америкалық ұштағыш атауымен Уолтер К.Фостер жасаған екен.

1860 жылы Генри Хаскел есімді өнертапқыш тазалағышы бар ұштағышты жасапты. 

Ал электрлік ұштағыш 1917 жылы жасалып, кеңсе құралының қатарына енген. Бүгінде ұштағыштың түрі көп. 

Г. Берік