«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы қатысушыларына құлаққағыс

«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы қатысушыларына құлаққағыс
Фото: massaget.kz

Уақытымызды үнемдеп, әр сәтімізді қызықты етіп өткізу үшін Массагет порталы оқушыларға арналған «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» атты байқау ұйымдастырған еді. Байқаудың басты мақсаты –  оқушыларға жазғы демалысын пайдалы өткізуіне, тұлға болып қалыптасуына әсер ету және оларды еңбектенуге баулу. Бүгінгі жас – еліміздің ертеңі. Ал еліміздің болашағы жарқын болуы үшін зерделі, алдына қойған мақсатына міндетті түрде жететін азаматтар қажет. Ол азаматтар – сіз бен біз.

Жарыс жолына шыққан 40 қатысушының 27-сі мәреге жетті (тек көрсеткіштері ғана әртүрлі болды). Біраз қатысушы болашақ өміріне нық жоспар құрып, алдына айқын мақсаттар қойды деп сенеміз. Мәреге жеткен 27 қатысушы сайттың арнайы таңбасы қойылған кесе (кружка) және танымал "Алдаспан" тобының ән жинақтарымен, оған қоса кітап, тұрмыстық бұйымдар секілді сый-сияпатпен марапатталғанын жазғанбыз.

Сайтымызға жиі-жиі бас сұғып, блог жазудан қол үзбесеңіздер шығармашылық шеберліктеріңіз арта түседі дей отыра, тағы бір жайттан хабардар етеміз. Сыйлықтарды 1 желтоқсанға дейін ғана алып кете аласыздар.

Мына нөмірлерге хабарлассаңыздар болады: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93

Электронды мекенжайымыз: Massaget.kz@gmail.com

@. @assel_assanova