Оқулықтағы олқылық халықаралық дау туғызды

Оқулықтағы олқылық халықаралық дау туғызды
Фото: Ерболат Қанатбек

Қатеден көз сүрінетін оқулықтар енді халықаралық дауға себеп болды. Бұл жолы еліміздің мектебінде оқытылып жатқан 10-сынып кітабында орфографиялық емес, саяси қате кеткен, - деп хабарлайды ktk.kz порталы. Оқулықта Украинаның аннексияланған Қырым аймағы Ресейдің бір бөлігі деп жазылыпты. Украина билігі Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдап, қарсылығын білдірді.

Қазақстандағы Украина елшілігі кітаптағы олқылық қалай жіберілгенін түсіндіріп беруді талап етті. Даудың басы «Мектеп» баспасынан шыққан оқулықтан басталған. Онда Қырым автономиялық республикасы Ресей территориясы ретінде көрсетіліпті. Оған шамданған Украина билігі бұл Қазақстанның саяси ұстанамына сәйкес келмейді дейді. Өйткені, біздің еліміз Украинаның біртұтастығын қолдайтынын айтып талай мәлімдеме жасаған.

Украина өкілеттігі  қате кітаптарды мектептен мүлдем алып тастауды талап етті. Әзірше, дипломатиялық жанжалға қатысты Қазақстан тарапы жауап қатқан жоқ. Білім және ғылым министрлігі дау тудырған оқулықты дереу тексеруді қолға алып, ондағы ақпаратқа сараптама тағайындаған.

@. @assel_assanova