"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының нәтижесі кешірек шығады

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының нәтижесі кешірек шығады
Фото: massaget.kz

Уақытымызды үнемдеп, әр сәтімізді қызықты етіп өткізу үшін Массагет порталы оқушыларға арналған «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» атты байқау ұйымдастырған болатын. Байқаудың басты мақсаты - оқушылардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне, тұлға болып қалыптасуына әсер ету, алдына айқын мақсаттар қойып, сол мақсатқа жетпейінше тынбай еңбектенуге баулу. Бүгінгі жас - еліміздің ертеңі. Ал еліміздің болашағы жарқын болуы үшін зерделі, алдына қойған мақсатына міндетті түрде жететін азаматтар қажет. Ол азаматтар - сіз бен біз.

Бүгін шілденің 1-і күні басталып, екі айға созылған байқау өз мәресіне жетті. Қатысушылардың жүрегі алып ұшып, байқау нәтижесін асыға күтіп отырған болар. Сөзімізге сеніңіз, біз де толқып, сіздерді құттықтауға асығудамыз. Әзірге сыйлықтарды үлестіріп жатқандықтан, байқау нәтижесі кешірек шығады. Айыпқа бұйырмауларыңызды сұраймыз!

Қ. Бүйенбай