Өзге елдерде каникул қанша уақытқа созылады?

Өзге елдерде каникул қанша уақытқа созылады?
Фото: rudaki.ru

Оқушылар көптен күткен жазғы каникул да басталды. Енді асыр салып ойнап, арасында ата-анамызға қолғабыс етіп, жақсылап демалуымызға болады. Елімізде жазғы каникул 3 айға созылады. Ал өзге мемлекеттерде ше?

Еуропада жазғы каникул шілде-тамыз айларында ғана болады. Яғни небары 2 айға созылады. Артынша оқушылар Рождество мейрамына үш апта, Пасха мейрамына екі апта демалады.

Германиядағы демалыс «ұзақ болғанша, жиі болсын» принципіне негізделген. Мысалы, Германияның жазғы каникулдары небары 6 аптаға созылады. Мұнымен қатар, рождестволық, қысқы және Пасха сынды каникулдар бар.

Испандық оқушыларда Рождество, Қасиетті апта, жазғы демалыс және өзге де ұлттық мерекелер кезіндегі демалыс бар. Бір сөзбен айтқанда оқушылар бір жыл ішінде айтарлықтай көп демалады.

Жапонияда жазғы демалыс 40 күнге созылады. Ережеге сәйкес, 20 шілдеден басталып, 31 тамызға дейін созылды. Қысқы демалыс 10 күн бойы өтеді. Көктемгі демалыс та 10 күнге созылады.

Мамыр мен маусым кезінде Үндістанда өте ыстық болады. Мамыр айында жаңбыр маусымы басталатындықтан, мектептерде демалыс ұйымдастырылады. Оқу күн аздап суыта бастаған кезде, шілде айында басталады. Бұдан кейінгі демалыс желтоқсан, наурыз айларында болады.

Оңтүстік Корея мен Тайваньдағы демалыс ең қысқа болып табылады. Оқушылар жылына 220 күн оқиды. Осы секілді Индонезияда да оқушылар небары бір ай демалады. 

Қ. Бүйенбай