Қазақстанның білім жүйесіндегі өзгерістер

Қазақстанның білім жүйесіндегі өзгерістер

Елімізде білім сапасын арттырып, болашақта еңбекқор мамандар дайындау мақсатында Білім және ғылым министрлігі үнемі білім жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізіп отырады. Олар төмендегідей:

- Ғылымға кіріспе сабағының барысында оқушылар табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, болашақ өмірде қажет болатын ерекше қасиеттерді қалыптастырады, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті  директорының орынбасары Жанабай Абуов.

1. Бірінші сынып оқушылары өнер пәнін өтеді

Бұл пәннің аясында шенеуніктер өнер мен еңбекті селбестіре білді. Оқулық авторлары музыканы да кіргізгісі келген. Алайда педагог мамандар әзірге сурет салу мен өлең айтуды оқушыларға ауырлық түспейтіндей етіп өткізу тәсілін ойлап таппады. Жоспарға сәйкес жаңа пән 2016 жылдан бастап өтіледі.

Екінші-үшінші сыныптарда «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні өтіледі. Атауы ұзақ пән компьютерді пайдалануға дағдыландырып қана қоймай, ақпаратты қалай өңдеу керектігін де үйретеді. Информатикаға ұқсас пәнді оқушылар 2017-2018 жылдан бастап меңгере бастайды. Абуов мырза:

- Бұл жерде баланы жастайынан сапалы ақпарат таңдауға үйретіп, артынша оны кесте, графика, диаграмма түрінде көрсету мәселесі сөз болып отыр, - деп анығырақ айтып кетті.

2. Дүние тану курсына тарих пен қоғамтануға қатысты материалдар қосылады

2016 жылдан кейін ұстаздар алты жасар оқушыларға маусымның ауысып отыруын ғана емес, маңызды тарихи оқиғалар мен қоғамның құрылымы туралы айтатын болады. Осылайша жас өрендер қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды меңгере бастайды.

Бастауыш сыныптардың бағдарламасында айтарлықтай өзгерістер бар болғандықтан, орта буынның жайы белгілі. Оларда да мектеп бағдарламасы қиындайды. Бар мәселе бұл жасқа арналған мемлекеттік стандарттар әлі де өңделіп жатқандығында. Десе де кейбір жоспарлар белгілі болды.

3. Физика, химия, биология пәндері бесінші сыныптан бастап өтіледі

Шамамен 2020 жылдан бастап бесінші сынып оқушылары қазір жетінші сыныптан бастап өтіліп жүрген пәндерді меңгере бастайды.

Ұлттық білім академиясы орта білім институтының директоры Марьям Мұқатова:

- Мұндай ұсыныс кездейсоқ түскен жоқ. Оқушылар жаратылыстану пәнін бір жыл оқып, физика, биология, химия пәндерін екі жылдан кейін ғана өте бастайды. Арадағы үзіліске бола оқушылар оқыған материалдарын ұмытып қалады. Мұндай болмасын деген ниетпен аталған пәндерді бесінші сыныптан бастап меңгеруді ұсындық.

Жоғарғы сынып оқушыларында өзгерістер аз емес. Ол өзгерістер туралы көп айтылуда. Десе де әлі толық өңделіп үлгермеген.

4. «Жаһанды келешек», «жоба қызметі» атты пәндер өтіледі

Ұлдар мен қыздарды аталған пән аясында не нәрсеге үйрететіндігі әзірге белгісіз. Алайда екі пәннің оқушыны ЖОО-ға дайындау мақсатында енгізілетіндігі анық. Өздігінше ойлауға, ғылыммен айналысуға, жинақтаған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға үйретеді.

5. Міндетті пәндердің саны азайтылады

Жоғарғы сынып оқушылары оқығысы келетін пәндерін өздері таңдау мүмкіндігіне ие болады.

6. Кей сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі

Шенеуніктердің айтуынша, оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде көбірек «сайрайтын» болады. Мұнымен қатар, бірінші сыныптан бастап оқытылатын ағылшын тілі ерекше әдіспен өтіледі. 

Дереккөзі: YK-news.kz

Сурет: nis.edu.kz 

Қ. Бүйенбай