Жәнібек Нұрмағамбетов қазақша күрестің чемпионы атанды

Жәнібек Нұрмағамбетов қазақша күрестің чемпионы атанды

Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Жәнібек Нұрмағамбетов қазақша күрес бойынша өткен қалалық жарыстың чемпионы атанды. Аталған жарыс «Баянауыл» спорт сарайында өтті.

Турнир Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен ардагер Төлеу Айткеновты еске алу мақсатында ұйымдастырылған болатын. 49-армия, 146-мергендер дивизиясы, 512-мергендер полкі, 2-взводта қызмет еткен Қызыл армиялық сарбаз 1906 жылы 15 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Айткенов Төлеу Айткенұлы соғыстағы ерлігі үшін медальмен марапатталған.

Турнирге 46, 51, 57, 64, 72, 81, 81+ келі салмақ бойынша Павлодар қаласының түрлі аймағынан 56 палуан қатысты. Төреші Серік Матаевтың айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өтті.

Жәнібек Нұрмағамбетов 81 келі салмақты палуандар арасында жеңіске жетті. Жеңімпаз: «Күресу кезінде техникаға, тәжірибеге және жан-дүниемізге назар салғанымыз жөн. Спорт адамның бойында мақсаткерлік, батылдық, табандылық сынды қасиеттерді тәрбиелейді. Ең бастысы, ол үнемі өзімізді кемелдендіре түсуге бағыттап отырады», - дейді.

Дереккөзі: nis.edu.kz

Сурет: nis.edu.kz

Қ. Бүйенбай