Әлем мектептері туралы қызықты деректер #2

Әлем мектептері туралы қызықты деректер #2

Мектеп жер бетіндегі барлық мемлекетте бар. Және әрбір адам оның қабырғасында білім алған, немесе табалдырығын енді аттайды. Алайда ол бұрындары болған жоқ. Әсіресе дәл қазіргідегідей үлгісі. Ал мектептер бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

♦ Мектептің арқасында пазл құрастыру ойыны пайда болған. Оны XVIII ғасырда еуропалықтар ойлап тапқан. Ұстаздар оқушылардың білімін тексеру мақсатында әлем картасын бөлшектеп, оны қайта жинастыруға тапсырма берген.

♦ Оқушы саны көп мектеп Үндістанда орналасқан. Аталған мектептің 28 000 оқушысы бар.

♦ Англиядағы «Халықаралық ханшайым мен ханзадалар мектебі» - әлемдегі орта білім беретін ең қымбат оқу орны. Ата-аналар балалары үшін 1 айға 80 000 АҚШ долларын төлейді.

♦ Ағылшын мектептерінде тек әдеби тіл нормасымен сөйлеуге рұқсат беріледі. Тіпті «сәлем» сөзін айтуға тыйым салынады. Мақсаттары – сөйлеу мәдениетін түзеп, сөздік қорын байыта түсу.

♦ Финляндия мектептерінде ұстазбен бірге оның көмекшісі қатар сабақ береді. Сабақ барысында ұстаздардың оқушыны еркінен тыс тақтаға шақыруға құқығы жоқ. Бұл оқушыны көптің көзінше масқаралауға болмайтындығымен түсіндіріледі. Мұнымен қатар, оқушылар әр сабақ сайын ауа райына қарамастан далаға шығып тұруға міндетті.

♦ 2003 жылы аустралиялық профессор әлемдегі ең ұзақ дәріс оқыған екен. Ол дәріс 54 сағатқа созылған. Қатысушылар мен жүргізушінің қалғып алуға да міндеті болмаған екен.

♦ Қытай оқушылары сабақ басталмас бұрын далаға шығып жаттығу орындайды. Мұнымен қатар, оқушылар күніне 2 мәрте өз беттеріне массаж жасайды. Кейбір қытайлық мұғалім балаларға миына көмек болсын деген ниетпен парта үстінде ұйықтап алуға мүмкіндік береді екен. Оқушылар сабақ біткен соң тарап кетпей, қақпаға дейін бірге барады. Ұстазбен қоштаспайынша үйлеріне қайтпайды.

♦ Қытай мектептерінде оқушылар партаның үстінде отырып күріш жеп, сорпа ішеді. Ұстаз да өз кезегінде осылай жасайды. Бірақ, басқа тамақ ішеді.

♦ Бельгия мектептерінде сусын пайда болғанға дейін үшінші тағам ретінде сыра ұсынылған екен. Соңғы кезде көп адам осы «дәстүрдің» қайтып келуін сұрап жүр.

♦ Жапонияда мұғалім қызметін көбінесе ер адамдар атқарады. Мұнымен қатар, мектептерінде асхана болмайды.

Сурет: rudaki.ru

Оқи отырыңыз:

Әлем мектептері туралы қызықты деректер

Жақсы оқығым келеді десеңіз

Мамандықты темпераментіңізге сай таңдаңыз

Жаңа мектепке үйрене алмай жүрсіз бе?

Қ. Бүйенбай