Сыныптасымызға қалай көмектесеміз?

Сыныптасымызға қалай көмектесеміз?

Өз-өзіне қол жұмсау сынды қиын оқиғалар оқушылар арасында да кездесіп жатады. Дәл осы қылмыс түрі бойынша еліміз алдыңғы қатардан орын алады.

Десе де мұндай жағдайды алдын алуға болатындығын ұмытпаңыз. Айналаңызда жүрген оқушыларға мұқият болыңыз. Егер олардың бойынан кезекті материалымызда келтіретін белгілер табылып жатса, бірден дұрыс әрекет жасаңыз.

«Кез келген бақытсыздықты өткеруге болады. Шешімі жоқ ситуациялар да болмайды» деп әйгілі жазушы Тургенев айтқан болатын. Ол кісінің пікіріне қарсы шығатын адам міндетті түрде табылатыны анық. Әсіресе, дәл қазіргі уақытта. Адамдар жастық шақта түрлі қиындыққа тап болады. Өкінішке орай, осы қиын сәтте демеу болатын жан үнемі табыла бермейді. Осының салдарынан «Өмір жоқ болса, қиындық та жоқ» деген ой туындайды. Дәл қазір 15-24 жас аралығындағы адамдар арасында өзіне қол жұмсау - өлімнің екінші себебіне айналуда.

Суицид белгілері қандай болады?

Адам өзіне қол жұмсамақ болса да, бұл шешімді ойланып барып қабылдайды. Бұл – ережеге сәйкес, назарды өзіне аудартудың соңғы тәсілі. Сол себепті, оның белгілерін алдын ала көрген жөн.

Эмоционалдық көңіл-күй

♦ Ұзақ мерзімді күйзеліс (тамаққа тәбет тартпау, ұйқышылдық, алаңғасарлық, т.б.). Күйзелісте жүрген адамардың барлығы өзіне қол жұмсамайды. Алайда өзіне қол жұмсаған жандардың көбісі күйзелісте болған екен;

♦ Күйзелістен кейін көңіл-күйдің кенеттен жақсаруы;

♦ Пессимизм, көмекке зәрулік, ашушаңдық, кекшілдік;

♦ Өмірдің мәнін жоғалту;

♦ Қоршаған ортамен қарым-қатынасының өзгеруі;

♦ Сабақ үлгерімінің төмендеуі;

♦ Болашақ өмірге қызықпауы;

♦ Экстримге қызығу;

♦ Өлімге қатысты аудио жазбалар тыңдап, сол туралы бейнебаяндар көру;

♦ Сүйікті заттарын өзгелерге тарату;

♦ Жақындарымен мәңгілікке кетіп бара жатқандай қоштасу;

♦ Өзіне қол жұмсауға әрекет жасап көру;

♦ Арнайы қаруды иемдену.

Егер сыныптасыңыздың бойынан осы белгілердің бірін байқаған болсаңыз, ситуацияға лайық әрекет жасай біліңіз. Ал әрекетті қалай дұрыс жасау керектігі туралы келесі материалдарымызда жазатын боламыз. 

Сурет: arnapress.kz

Қ. Бүйенбай