Алматының 200 жоғары сынып оқушысы "Өз жолын тапты"

Алматыда "Find Your Way" ("Өз жолыңды тап") деген атаумен науқан өтті. Науқанның мақсаты – жоғары сынып оқушылары, колледж бен бірінші курс студенттерінің студенттік өмірді барынша тиімді әрі қызық өткізулеріне көмектесу. Іс-шараға 15-18 жас аралығындағы 200 адам қатысты. Ал 12 сарапшы олармен жеке және кәсіби өсудің құпияларымен бөлісті.

– Іс-шараға алдағы өмірлерінің бірнеше жылдардарын қызық әрі мазмұнды өткізуді қалайтын, онлайн тіркелген 500-ден астам баланың 200-ге жуығы келді. Біз оларға уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін, қандай ресурстарды өзіне көмекке алуға, өз өмірімізді қалай жарқын етуге болатынын айтып бердік. Сондай-ақ, іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде, "Find Your Way" жобасын мектептептің соңғы сынып оқушыларына қызық, өзекті болатын тақырыптарға арнап, алдағы уақытта жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының жобалар үйлестірушісі, Сергей Левадний.

Кездесу төрт сағатқа созылды, әр қатысушы өз қызығушылықтарына сай дәрістер мен интерактив ойындарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Осы уақыт ішінде балалар алдында Нархоз Университеті, softskills.kz, HiPo және Flow Kazakhstan, grants.kz білім беру саласындағы беделді қазақстандық ұйымдар мен компания сарапшылары дәріс оқыды.

Soft Skills Qazaqstan жобасының негізін қалаушы Владимир Кущенко жобаға қатысушыларға неге біреулер барлық салада жетістікке жетеді де, ал біреулердің жолы болмайтындығы туралы, эмоциялық интеллект жайлы айтып берді. Жұмыс іздеу саласындағы маман Александра Пак (HiPo) өз арманын іздеуде тамаша түйіндемені дайындау жолдарын, сұхбаттасу және жұмыс орнында бейімделу кезіндегі мінез-құлық құпиясымен бөлісті. Студенттермен жұмыс жөніндегі декан Дана Шаяхмет (Нархоз университеті) қатысушыларға жоғары оқу орнында оқуға зиян келтірмей жұмыс тәжірибесін қалай алу керектігін және университетке түсу кезінде қандай мүмкіндіктер пайда болатынын айтып берді. Ал Дана Зиябекова (Education USA) Халықаралық емтихан тапсыруға және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілерге кеңес берді. Сонымен қатар, "Find Your Way" жобасында уақытты жоспарлау, дедлайндарды сақтау, приоритеттерді анықтау, жойылатын және талап етілетін мамандықтар, ойлау-дизайны, сондай-ақ фактчекинг сынды тақырыптар да болды.

– Қазіргі замандағы адамдарды көп ақпарат қоршайды. Өкініштісі, кейбірі күман келтіретін, анық емес ақпарат. Сондықтан қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі ақпараттың дұрыс, дұрыс емес екенін ажырата алу жолдарын барынша түсіндірдік, – деді factcheck.kz басылымының журналисі Маргарита Бочарова.

Іс-шараның әр дәрісі 30 минуттан аспады. Ал соңында дәрістер түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасумен бекітілді. Сонымен қатар, оқушылар дәрістер арасында тамақтанып, жүрек жалғауға мүмкіндік алды.

– Біз бүгінгі шараға көп жастардың қатысқанына қуаныштымыз. Барлығы да жігерлі жастар, әрине болашақта олар "Find Your Way" жобасында айтылған ноу-хау кеңестерге көңіл бөліп жатса жақсы болар еді. Балалардың бүгінгі қызығушылықтары мен ынталарына қарап барлық айтылған кеңестерді түсінді деген ойдамыз, – деді іс-шараны жүргізуші Владимир Кущенко.