Сән мектептері: әлемнің үздік 3 оқу орны

Сән мектептері: әлемнің үздік 3 оқу орны

Сән әлеміндегі жаңалықтармен бөлісетін Fashionista сайты әлемдегі сән мектептерінің рейтингін жариялады. Оқу орындарының рейтингін жасау кезінде оқу бағасы, мектептердің орналасу аймағы, сән нарығындағы студенттердің жетістігі, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасқан студенттер пайызы және оқу бағдарламасының сапасы есепке алынған.

1. CENTRAL SAINT MARTINS (Лондон, Англия)Картинки по запросу CENTRAL SAINT MARTINS

Бағдарламасы: Сән, текстиль (мата) және зергерлік өнер
Студенттер саны: 1200
Бір жылдық оқу бағасы: £ 9,500-12,700 ($14,900- $20,000)
Атақты түлектер: Стелла Маккартни, Джон Гальяно, Александр Маккуин, Фиби Фило, Кристофер Кейн, Чалаян, Зак Posen, Хэмиш Боулз, Пол Смит, Гилес Дикон, Луэлла Бартли, Дженни Пэкхэм, Джонатан Сондерс, Мариос Шваб, Алиса Темперлей, Риккардо Тиши и Мэтью Уильямсон.

Дизайн және сән мектебі Central Saint Martin өзінің оқу бағдарламасы мен сапасы арқасында рейтингте бірінші орынға жайғасты. Оқу орнын мемлекет  қаржымен жартылай қамтамасыз етеді: яғни, талантты кез келген студент экономикалық жағдайына қарамастан оқуға мүмкіндік ала алады. Одан бөлек, Central Saint Martin қабырғасында атақты дизайнер мен сән әлемінің бетке ұстарлары сабақ береді.

2. PARSONS, THE NEW SCHOOL FOR DESIGN (Нью-Йорк, АҚШ)Картинки по запросу parsons new school of design

Бағдарлама: Костюм дизайны, сән зерттеуі, маркетинг
Студенттер саны: 1400
Бір жылдық оқу бағасы: $36,800
Атақты мектеп түлектері: Донна Каран, Марк Джейкобс, Том Форд, Нарциско Родригез, Александр Ванг, Анна Суи, Джейсон Ву, Дженна Лионс, Джек Маккалоу и Лазаро Эрнандес, Бехназ Серафпоур, Ду Ри Чунг, Софи Бухай и Лиза Майок, Флора Гилл и Алекса Адамс, Прабал Гурунг, Стивен Майзель, Закон Паничгул и Кармен Марк Валво.

Соңғы он жылда Парсонс үздік сән мектептерінің біріне айналы. Түлектердің басым көбі факультетте жұмыс істейді. Донна Каран және Проенза Шуллер лекция оқиды және тәжірибе сабақтарын өткізеді. Одан бөлек, Парсонс әлемдік брендтермен серіктестік қарым қатынас орнатқан. Студенттер оқу тәжірибесінен өте барады.

3. BUNKA FASHION COLLEGE/BUNKA WOMEN’S UNIVERSITY (Токио, Жапония)Картинки по запросу BUNKA FASHION COLLEGE

Бағдарлама: Костюм дизайны, маркетинг, аксессуар және текстиль.
Студенттер саны: екі мектепте: 8000; дизайнда: 4000
Бір жылдық оқу бағасы: ¥ 1,045,000- 1.570.000 ($ 12,677- $ 19,030)
Талаптар: Жапон тіліне жақсы сөйлеу және түсіну. Жапонияда тұру үшін қаржылық жағдайы жақсы болуы шарт. Шетелдік студенттерге мүлдем жұмыс жасауға болмайды.
Атақты түлектері: Kenzo Takada, Junya Watanabe, Yohji Yamamoto, Hiroko Koshino y Chisato Tsumori

1919 жылы құрылған Bunka мектебі өздерінің жаңашылдықтарымен көзге түсті. Мектеп Парижде өткен сән көрсетілімінен кейін, 60-жылдары атақты бола түсті. Бүгінде мектеп өзінің сапалы білімі мен ерекше жұмыстарымен танымал.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN