Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / 2019 жылы білім гранты қалай тағайындалады?

2019 жылы білім гранты қалай тағайындалады?

2019 жылы білім гранты қалай тағайындалады?

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім  гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Сонымен қатар, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғары оқу орындарында мамандықтар тізімі нақты көрсетілген классификатор пайдаланылды. 2019 жылдан бастап жаңа классификатор енгізіледі. Онда мамандықтардың нақты тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетілетін болады. Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім бағдарламаларын жасап алады.

«Осыған орай, мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Мәселен, «Математика пәні мұғалімдерін даярлау» тобына «Математика», қосарланған «Математика-Физика», «Математика-Информатика» мамандықтары кіреді. Ал, «Ақпараттық технологиялар» тобына - «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және тағы басқалары енеді. Яғни, білім гранттарының тағайындалуы бұрынғыдай мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ. Грант ұтып алған соң талапкер ЖОО-ға таңдаған білім бағдарламасы бойынша тіркеліп, ЖОО-ға құжаттарын тапсыру кезінде өзі таңдаған мамандық бойынша білім алады», - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, 2019 жылы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалады. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

«Биыл ҰБТ жылына 4 рет - қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Қаңтар, наурыз, тамызда өтетін тестілеуді тапсыру арқылы талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік білім грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы тиіс. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинау жеткілікті»,- деп мәлім етті министрлік.

Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез келген пунктіде тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 02 қаңтар, 13:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.