Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі

Жоғарғы оқу орындарының ақылы бөліміне оқуға түсуі үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез-келгеніне қатысып, шекті балл жинауы жеткілікті, - деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

- 2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалатындығын атап өткен жөн. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді. Биылғы жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізілетін болады – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айлары, - делінген ресми хабарламада.

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуді тапсыру арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсуі үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез-келгеніне қатысып, шекті балл жинауы жеткілікті.

Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез-келген пунктіде тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет.

Айта кетейік, 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 98 698 түлек қатысып, оның 14,6 мыңнан астамы жоғары оқу орынға түсу үшін қажетті ұпайды жинай алмады. Дегенмен орташа бал өткен жылғымен салыстырғанда жоғары болды. Сондай-ақ биыл түлектер алғаш рет ағылшын тілінде де тест тапсыруға мүмкіндік алды.

Фото: Егемен Қазақстан
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2018, 10:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.