Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / ҰБТ-ның алғашқы күні 2 мыңнан аса түлек шектік баллдан аса алмады

ҰБТ-ның алғашқы күні 2 мыңнан аса түлек шектік баллдан аса алмады

ҰБТ-ның алғашқы күні 2 мыңнан аса түлек шектік баллдан аса алмады

20 маусым күні елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша 2102 жас түлек шектік баллдан аса алмады. Бұл туралы Ұлттық орталық тестілеудің директоры Рамазан Әлімқұлов айта кетті.

- Кеше 33 ҰБТ өткізу орталығында түлектер тест тапсырды. 20 маусымға 14 250 өтініш түскен еді, оның 13 897-і тестілеуге қатысты. Бір қатысушының нәтижесі есепке алынбады. 11 795 түлек шектік деңгейден асты, 2 102-сі аса алмады, - деді Рамазан Әлімқұлов брифинг барысында.

ҰБТ-ның алғашқы күні 140 балл жинаған түлек болған жоқ. Ең жоғарғы балл 137 болды. Кеше тапсырғандардың жинаған орташа көрсеткіші 80,9 баллды құрады. Өткен жылы аталған көрсеткіш 77,5 болған.

- Ең жоғары баллды әлі ешкім жинаған жоқ. Алда әлі 7 күн бар. 140 балл жинайтын талапкерлер әлі болатынына сенеміз, - деді Рамазан Әлімқұлов.

Сондай-ақ биыл тестті ағылшын тілінде тапсыруға да болады. Бұған 46 жас түлек өтініш берген. Кеше солардың алғашқысы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тапсырып шықты.


Айта кетейік, биыл оқу грантын бөлгенде "Алтын белгі" иегерлеріне тек бір ғана басымдық беріледі. Ол - ҰБТ нәтижесі бойынша балл саны бірдей болып, бір орынға бірнеше үміткер таласқан жағдайда ғана "Алтын белгі" иегері ескеріледі. Биыл мектеп бітіруші түлектерге арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. 

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: tengrinews.kz, massaget.kz
Қосылған күні: 21 маусым 2018, 12:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.