ҰБТ жауабын қайдан білуге болады?

ҰБТ жауабын қайдан білуге болады?
Фото: Жалағаш жаршысы

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тест тапсырып шыққан жас түлектер жауабын тағатсыздана күтіп жүргені анық.

ҰБТ жауабын Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан білуге болады. Ол үшін рұқсаттамадағы тестіленушінің жеке коды және ЖСН қажет. Сондай-ақ биылғы түлектер ҰБТ нәтижесін Telegram желісі арқылы да біле алады. Бұл жайында кеше Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айта кеткен болатын.

- Осыған дейін ҰБТ нәтижесін арнайы тақталарда іліп хабарласақ, қазір мүмкіндігіміз артқан. Бірінші - Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ресми сайтынан нәтижені білуге болады. Осы жылы ҰБТ нәтижесін Telegram арқылы да көруге болады. Рұқсаттамадағы тестіленушінің жеке кодын теру арқылы нәтижесін біле алады, - деді вице-министр.

Telegram желісінде @edugovkz_bot деп теру арқылы нәтижелерді білуге болады. Сондай-ақ биыл алғаш рет ҰБТ-ға қатысты сұрақтармен тегін қоңырау шалуға болатын бірыңғай Call-орталық жұмыс жасауда. Орталық нөмірі: номер 8 (800) 080-71-77.

Н. Үсенова