ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?
Фото: sheridanmentoring.com

ҰБТ – оқушылар үшін ең шешуші кезең. Бұл емтиханға дайындық барысында олар өздерінің болашаққа байланысты таңдауларын жасайды. ҰБТ-ға қалай дайындау керек?

1. Кім болғыңыз келедіАлдымен, мамандық таңдаудан бастаңыз.

2. Сол мамандық бойынша білім беретін жоғары оқу орнын таңдаңыз. Көп оқушы бірінші ҰБТ тапсырып, кейін грантқа түскен университетіне ғана барады. Сіз қазір шешіңіз: Қай университет және сол университет қабырғасында оқу үшін қанша балл керек екенін анықтаңыз.  

3. Қазіргі білім деңгейіңізді анықтаңыз. Ол үшін ешқандай көшірусіз, уақыт есептеу арқылы тест тапсырмаларын орындап қараңыз. Қай тақырып бойынша төмен балл жинадыңыз, сол бойынша жұмыстаныңыз.

4. Жоспар жасаңыз. Мысалы: "Маған керек жалпы ұпай 90 болса, тарих – 18, оқу сауттылығы – 20, математика сауаттылығы – 15 , бірінші таңдау пәннен – 19, екіншісінен 18 балл жинаймын" деген мақсат қойыңыз.

5. Әр айға жеке - жеке жоспар жасаңыз, орташа ай сайын әр пәннен қосымша 2-3 балл қосып отырыңыз. Бұл сізге ілгері жылжуға мүмкіндік береді.

6. Әлеуметтік жеілерге шектеу қойыңыз. Күніне бір сағат лимит арқылы жұмыс жасаңыз. Басында қиын болғанымен, нәтижені көрген соң, үйреніп кетесіз.

7. Уақытпен емес, нәтижемен жұмыс жасаңыз. Таңнан кешке дейін оқи бергеннен нәтиже болмайды. Бірнеше аптадан соң жалығып кетесіз. Күніне 5-6 сағат дайындалсаңыз, нәтижесі жақсы болады. Аптасына бір күн демалып тұрыңыз. 

8. Спортқа көп уақыт бөліңізСебебі, спорт денеңізге күш-қуат беріп, миыңызға сергектік сыйлап, сенімділікті арттырады.

9. Кешке жаттау қиынға соғатын пәндерді таңертең ерте оқыңыз. Таңертең миыңыздың қабылдау мүмкіндігі бірнеше есе жоғары болады.

10. Қаржылай мүмкіндігіңіз болса, өз күшіңіз жетпеген пәндер бойынша қосымша сабақ алыңыз.  

11. Сіздің таңдауыңызға (мамандық, ЖОО) біреулер күмән келтірсе, сіз ол пікірлерден алшақ жүріңіз. Сіз өзіңіз үшін өмір сүресіз, ал, айналаңыздағы адамдардың көбі көзбен көргеннен гөрі, естігенін айтады.

12. Біреуден қолдау күтпеңіз, тек өзіңізге сеніңіз! Егер оқуға деген құштарлығыңыз азайғанын байқасаңыз, аз-аздан оқыңыз.

13. ҰБТ-ға дайындықты сылтауратып үй жұмысына көмектесуден бас тартпаңыз және достарыңызбен серуендеп тұрыңыз. Сол уақытта ғана қан айналымы жақсарып, өзіңізді сенімді сезінесіз.

Сәттілік тілейміз, жас дос!

Зарина Усайн

Т. Есқали