НУ: APTIS емтиханына қалай дайындаламын?

НУ: APTIS емтиханына қалай дайындаламын?
Фото: British Council

APTIS не үшін керек?
Назарбаев Университетінің “Foundation” бағдарламасы бойынша білім алу үшін, ең алдымен, осы емтиханды тапсыру міндеттеледі. Егер, IELTS ұпайы 6-дан жоғары болса, оқушы бұл емтиханнан автоматты түрде босатылады.

General Information
APTIS – «British Council» ұйымы әлем бойынша жүргізілетін ағылшын тілінен арнайы тест тапсырмалары. Емтиханды орындауға небары 55 минут беріледі. Үш секция – grammar, vocabulary, reading бойынша барлығы 75 сұрақ.

Қалай дайындық жүргізуге болады?
British Council сайттарында демо-тесттер бар. Тіпті, интернет арқылы «Practice Materials» деп іздесеңіз де ақпараттар шығады. Бірақ, мәліметтер мен дайындық жасауға мүмкіндік беретін сайттар өте аз. Сіздерге «Массагет» порталының атынан дайындалуға мүмкіндік беретін мынандай сайттарды ұсынамыз:
- www.englishexamninja.com/aptis/aptis-vocabulary/
- ibis.atwebpages.com/aptis/
Дайындық жүргізу үшін: уақытты белгілеп, тестті орындаңыз. Кейін тексеріп, қатеңізді тауып, сонымен жұмыс жасаңыз.

1. Grammar
Кез келген тідің грамматикасы – нақты ғылым. Оны меңгеруге болады. Сондықтан, бұл емтихан барысында дәл осы бөлім бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуге тырысыңыз. Грамматиканы үйрететін арнайы оқулықтар арқылы жұмыс істаңыз. Жаттығу жұмыстарын орындаңыз, ғаламтордан worksheets (жұмыс парағын) іздеп, оны да бір қарап шығыңыз. Грамматиканы жақсартудың жолдарын іздестіріңіз, бастысы орта жолдан тастап кетпеңіз.

2. Reading
Ағылшын тілінде көркем әдеби шығармаларды оқыңыз. Қарапайым ағылшын тілінде жазылған мақалаларды оқыңыз, жаңалықтарды бір шолып шығыңыз. Тек оқудан бөлек, оны түсіну, сөйлем құрылысын талдау, сізге беймәлім сөздерді жазып алу маңызды. Олардың сіздің тек оқылым бойынша жұмыс жасау дағдыңызды жетілдіріп қана қоймай, сөздің қорыңызды да дамытады.

3. Vocabulary
Сөздерді практикада қолданып қана есте сақтай аласыз. Сол үшін тек оқу – маңызды. Сонымен қатар, күніне 10 сөзді жаттауды әдетке айналдырыңыз. Оларды қолдану арқылы сөйлемдер құраңыз. Күніне 50 сөзді жаттап алғаннан гөрі, олардың қайда қолданатына мән берген әлдеқайда тиімді әрі есте жақсы сақталады.

«Aptis» өзге емтихандармен салыстырғанда қиын емес. Бірақ, vocabulary бөлімінде қиындықтар туындауы әбден мүмкін. Есіңізде сақтаңыз, «Aptis» емтиханына дайындала отырып, сіз өзіңіздің тіл біліміңізді жетілдіресіз.

Т. Есқали