Баға үшін оқу – басты шарт емес

Баға үшін оқу – басты шарт емес
Фото: novoetv.kz

Балаңыз бестік бағаға оқымаса өкпелемеңіз. Баға үшін оқу – басты шарт емес. Бастысы – адам болу, бір мамандықтың шыңына шығу. Баланы мүмкіндігінше солай қарай икемдеген абзалырақ. Үнемі бестік баға алу – оқушының оқу үлгерімі үздік дегенді білдірмейді.

Сенбесеңіз, әйгілі адамдардың өміріне назар салыңыз. 

1. Антон Чехов. Екі жыл қатарынан келесі сыныпқа көше алмай қалған. 

2. Александр Пушкин. Ол лицейде өте нашар оқыған, тіпті арифметика сабағында жиі жылайтын болған. Аттестациядан соң диплом алу шарасында ақыр соңы екінші болды. 

3. Альберт Эйнштейн. Оның ата-анасы таныстарынан Альбертті тіпті қарапайым жұмысқа да орналаса алмайтынын жасырмаған. 

4. Людвиг Ван Бетховен. Ол қате жазған, арифметикаға мүлде ебі болмаған. 

5. Наполеон. Математикадан басқасын өте нашар оқыған. 

6. Исаак Ньютон. Ол сыныптасы ұрғанға дейін ең нашар оқушы болған. Содан кейін ғана ол үздік оқуға ұмтылған. 

7. Ричард Брэнсон. Болашақ алпауыт қаржыгер кішкентай кезінде дислексия дертіне шалдығып, бірнеше жыл бойы кітап оқи алмаған. 

8. Владимир Маяковский. Мектепте ең нашар оқитын оқушылардың бірі болған. Ал, кеңес әдебиеттанушылары оның оқу үлгерімі туралы жақ ашпаған. 

9. Уинстон Черчилль. Мектепті екілік бағаға оқыған ол ақыр соңында Нобель сыйлығын алды. 

10. Томас Эдисон. Ол қыздыру шамын ойлап тапқан ғалым. Оқушы кезінде оны мектептен қуып жіберген. Мектептегілер анасына: "сіздің балаңыз ақымақ. Басқа балалармен оқуға оған орын жоқ. Өздеріңіз оқытыңыздар" деген. 

Ж. Жұмағұлов