Грант иелерінің тізімі қашан шығады?

Грант иелерінің тізімі қашан шығады?
Фото: Қазақ үні

Мектепті бітірдік. ҰБТ тапсырдық. Оқу орнына құжаттарды өткіздік. Енді бағымыздың жанғанын күту ғана қалды. Қашан шығады? Тағат та таусылып барады...

Барлық түлектің қазіргі жай-күйі осы. Жанын шүберекке түйіп, қылдың үстінде отыр. Мемлекеттік грантқа түсемін бе, түспеймін бе, қашан белгілі болады?

Редакциямызға толассыз келіп жатқан хаттарды жауапсыз қалдырмау мақсатында Massaget.kz порталының тілшілері Білім және ғылым министрлігінің анықтамалық орталығына хабарласты. Алған жауабымыз мынадай болды:

2017 жылғы грант иелерінің тізімі 14 тамыз дүйсенбі күні «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттеріне жарияланады. Ал сайттарға бүгін не ертең 10-11 тамыз күндері жариялануы ықтимал. Бұл күні шықпай қалуы да ғажап емес, хабар күтіңіздер.

Сіздердің алғаш болып қуантып, сүйінші сұрауға біз де асығып отырмыз. Массагет сайтымен бірге болыңыздар.

@. @assel_assanova