Назарбаев Университетіне түсу үшін не істеу керек?

Назарбаев Университетіне түсу үшін не істеу керек?
Фото: http://24.kz

Назарбаев Университетінің бакалавриатына түсу үлкен еңбекті талап етеді. Сондықтан Университет алдын-ала NUFYP дайындық бағдарламасын ұсынады.

NUFYP(Nazarbayev University Foundation Year Program)  – студенттерге бір жыл бойы ағылшын тілін жетілдірумен қатар, таңдалған мамандық жүйелеріне сәйкес бастапқы білімді меңгеруге септігін тигізетін ұзақ мерзімді курс.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қандай?

Студент бойындағы дағдыларды дамыту, білім деңгейін жетілдіру әрі бакалавриат бағдарламасына дайындық жұмыстарын жүргізу – NUFYP жүйеснің мақсаты.

NUFYP бағдарламасы бойынша оқу үшін не істеу керек?

NUFYP  бағдарламасына қабылдау байқау түрінде жүзеге асады. Оқу орнының сайтына тіркелген соң, онлайн-режимде сауалнаманы толтыруы тиіс. Сауалнама толтыруға мүмкіндік қараша айында ашылып, 2-3 айға дейін созылады.

Байқау  неше кезеңнен тұрады?

– Алғашқы кезең – APTIS тесті. APTIS – ағылшын тілінің деңгейін тексеруге арналған тест. Ол сіздің грамматикаңызды, сөздік қорыңыз бен тілдік дағдыларыңызды тексереді.

ыв

– Екінші кезең – NUFYP Entrance Test. NUFYPET – ағылшын тілінде өткізілетін пәндік емтихандар.  Университет мектептеріне сәйкес  талапкер таңдау жасайды:

Инженерия мектебін таңдағандар математика мен физика пәндері бойынша, ғылым мен технология мектебінде оқу үшін математика, физика әрі химия мен биологиядан емтихан тапсырады. Әлеуметтік ғылым мен гуманитарлық мектебіне таңдауыңыз түссе, онда математика мен қатар ойлау дағдылары бойынша емтихан тапсырасыз.

фыв

– Үшінші кезең – IELTS емтиханы.

– Төртінші кезең қабылдау комиссиясының құжаттарды сараптауы арқылы жүзеге асады.

Жолыңыздан таймаңыз, талапкер!

Т. Есқали