Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Назарбаев Зияткерлік мектебі : SWOT сараптамалық әдісі

Назарбаев Зияткерлік мектебі : SWOT сараптамалық әдісі

Назарбаев Зияткерлік мектебі : SWOT сараптамалық әдісі

Баланың ақпаратты тез меңгеруі оның жеткізілуіне де тікелей байланысты екенін естен шығармаған жөн. Осы орайда, заманауи талапқа сәйкес ұстаздар өздерінің оқу-әдістемелік құралдары ретінде түрлі ойын мен сараптамалық жұмыстарды назардан тыс қалдырмасы анық. Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары SWOT сараптамалық әдісін кең қолдануда.

SWOT деген не?

SWOT – тақырыпқа деген көзқарасты анықтау үшін жүйелі ойлауға негізделеген сараптамалық әдіс.  Бұл сөздің мағынасы жоқ, дегенмен құрамындағы әр әріптің өзіне тән түсінігі бар. Бұндағы:

Strengths (күшті жағы)

Weaknesses (әлсіз жағы),

Opportunities (мүмкіндіктер),

Threats (қатерлер).

Көтеріп отырған мәселенің күшті (S) және әлсіз (W) жақтары ішкі ортаны қамтиды. Яғни, нысанның өзі сыртқы ортаға қалай әсер ететіндігі сөз болады.

Ал мүмкіндіктер (О) мен қатерлер (Т) сыртқы ортаға қалай әсер ететіні талқыланады.

ывапрпавыфФЫВАПРО

SWOT әдісінің жақсы жақтары қандай?

– Бұл – кез келген салада қолдануға болатын әмбебап әдіс. Бұны зерттеу нысанына қарай оңай бейімдеуге болады.

– Қойылған мақсаттарға сәйкес жеңіл таңдау жүргізуге болатын еркін әдіс. (Мысалы, қаланы туризм саласы бойынша немесе көлік пен әлеуметтік жағдайына байланысты қарастыруға болады)

– Әдісті қолдануға арнайы білімнің қажеті жоқ.

– Сыни ойлап, жан-жақты көзқарастың қалыптасуына әсер етеді.

SWOT әдісінің кемшілігі бар ма?

– Әдіс тек ортақ факторларды көрсетеді.

– Сапалы жұмыс жасау үшін уақытыңыз бен энергияңызды ақпарат жинауға жұмсайсыз.

Бүгінде балаларды таңғалдыру өте қиын. Ойлануды керек етпейтін жұмыстардан олардың жалығары сөзсіз. Ал осындай әдістер сабақтың қызықты өтуіне әсер етеді.

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: http://arttech-metaphors.com
Қосылған күні: 04 шілде 2017, 09:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->