Жалығу әдетінен аулақ болыңыз

Жалығу әдетінен аулақ болыңыз
Фото: Huffington Post

Бастауыш сыныпты артта қалдырып, жоғарғы сыныпқа аяқ басқан кезде сабақтан жалығу кезеңдері басталады. Оқуға қызығушылығыңыз болмай, сабаққа кешігу әдетін бастайсыз. Бұл қасиет барлығында дерлік болмағанымен, көпшілігінде кездесіп жатады. Мектеп өмірі бітпестей ұзақ боп көрінгенімен, кейін сіз үшін ең қимас шақтарыңыздың куәгері болып қалатыны айқын. Үлкен адамдар арасында мектепті аңсамайтыны жоқ. Ең нашар оқушының өзінде мектепке қатысты ескірмес естеліктер сақталып жатады. Сондықтан осы шақтың қадірін түсініп, жалығудан аулақ болыңыз.

Ұстазбен қарым-қатынасыңыз қалай?

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/41191/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Ұстазбен қарым-қатынасыңыз қалай?

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/41191/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңызсақталып жатады. Сондықтан, жалығу кезеңін бастан өткергенде, бірден ол әдеттен арылуға тырысыңыз.

Мектептен қандай жағдайда жалыға бастайсыз?

Сізге қызықсыз сабақтар үдерісі басталғанда оқуға құлшыныс жоғалады. Ол үшін сол сабақтың ұстазымен қарым-қатынасыңызды түзеңіз. Түсінбейтініңізді немесе қызығушылығыңыз артпай жүргенін айтыңыз.

Сыныптастарыңызбен қарым-қатынасыңыз дұрыс емес пе? Мүмкін, өзіңізге дос немесе құрбы таппай жүрген боларсыз. Ондай жағдайда тұйықталмай, ашық болуға тырысыңыз. Сабаққа бармай қалғаныңыз еш көмектеспейді. Сыныптастарыңызды қонаққа шақырыңыз, араласыңыз. Сіздегі ашық мінезді аңғартуға тырысыңыз.

Үй ішіндегі, отбасы жағдайындағы келеңсізіктер кедергі келтіріп жүр ме? Кез келген нәрсенің өтпелі екенін естен шығармаңыз. Уайымшыл адам болсаңыз, екі жақтың қысымы мүлдем кері әсер етуі мүмкін.

Кез келген іске көңіл күйіңізді түсіріп, мұңая берудің жөні жоқ. Өзіңізді өзіңіз құрметтемесеңіз, сізді ешкім құрметтемейтінін ұмытпаңыз.

Кез келген дүниенің іске асатынын есте ұстаңыз. Әрине, сіз оны дұрыс пайдалана білсеңіз, қыруар іс атқаруыңыз мүмкін. Сол үшін де, сабақтың бәрін өмірде бір кәдеге жарап қалады деген оймен оқуға тырысыңыз.

Аталмыш ережелерді орындап жүрсеңіз, уақыттың еншісінде оқушы кезіңіз босқа өтіп бара жатқанын ойласаңыз, мектептен жалықпайсыз. Керісінше, жастықтың, албырттықтың өтіп бара жатқанына қимастықпен қарайсыз.

Ә. Жутаева