Шпаргалка қолдана аласыз ба?

Шпаргалка қолдана аласыз ба?
Фото: Bigodino

Шпаргалка қолдана аласыз ба?

Емтихан кезеңдерінде болмасын, ҰБТ қарсаңында болмасын, студенттік кезеңнің сесияларында болмасын шпаргалка қолдану – дәстүрлі құбылыс. Әрине, ешқандай көмексіз де білім шыңын бағындыратындар бар. Дегенмен, шпаргалкамен де өтетіндер өте көп. Белгілі бір дүниеге дайындаларда бәрібір кітап оқып, кей дүниелерді шимайлап жазып, түрлі-түсті маркерлермен бояп дайындаламыз. Кейде дайындалған сұрағымыз келмей жататын да кездер болады.  Шпаргалка дегеніміз не?

Шпаргалка – емтихан, тест, бақылау жұмысы сынды кезеңдерде есте сақтай алмаған ақпаратты көшіріп жазу немесе жасырын қарау үрдісі.

Шпаргалканың ең құндысы – қағаз түріндегі мәліметтер. Өзіңіз үшін шпор жасайтын болсаңыз, әр сұрақты жіті қарап, соған сәйкестелетін мәліметтерді қорыта отырып, мұқият жасағаныңыз жөн. Содан кейін жасаған шпорыңызды күніне екі мәрте оқып қойғанның да зияны жоқ. Шпорды өзіңіз жасамайтын күннің өзінде де біреу жасаған ақпараттар тізбегін қайталап оқи берген дұрыс.

Шпаргалка түрлері және оларды қалай пайдаланған дұрыс?

1. Кішігірім қағаздарға керекті дүниелерді жазып алу әдісі. Ежелден қалыптасқан тәсіл. Дегенмен, техника дамыған мына заманда кей аудиторияларда бақылау камералары тұрады. Ұстаздан сыртқа сұранып кетіп, пайдаланған жөн. Егер, ол дүниені емтиханға дейін ең болмағанда бір-екі рет қайталаған болсаңыз, алғашқы екі-үш сөйлеміне көз жүгіртсеіңіз жетеді. Қалған ақпараттың еске түсетіні сөзсіз.

2. Микронаушник немесе микро құлаққап. Бұл әдіс кейінгі кездері жастар арасында, соның ішінде студенттер арасында кеңінен қолданылады. Ешқандай пайдасы жоқ. Керісінше, зияны өте көп. Өзіңізге білім қонбайды. Сізге сырттан келетін дүниені алдын-ала оқыған болсаңыз тіпті қиын. Өзіңіздің тарапыңызан да, сырттан оқитын адамның тарапынан да мәліметтер қорытылмай қалады. Жазған жұмысыңыздан көшіргеніңіз көрініп қалады. Бұл әдісті қолдана білудің өзі – өнер. Дегенмен, мүмкіндігіңіз болса, өзіңізге сенгеніңіз дұрыс.

3. Есептерді шығару мақсатындағы цифрлық көрсеткіш жасырылатын шпорлар. Компьютерлік жұмыстарды модельдеу, қиын есептерді шығару, математикалық есептердің жауабын іздеу де көп қолданылатын тәсіл. Бұл жерегі ең басты дүние – шапшаңдық және уақыт үнемдеу. Көп уақыт бойы цифрды іздеп жаттыққан адам болатын болса, онда мүлдем қиындығы жоқ. Ал егер, бірінші рет бұл әдісті қолданатын болсаңыз, уақыт жоғалтасыз және мардымды жауапты таба алмайсыз.

4. Скотчқа, алақанға, қаламның сыртына жазылатын шпорлардың айтарлықтай қажеті жоқ. Ұмытып қаламын-ау деген даталар немесе ережесі өзгертуге келмейтін ақпараттарды ғана жазып ала аласыз.

Егер өз біліміңізге ғана сеніп кірсеңіз, білмейтін сұрақ келсе де бұрынғы білетін дүниеңізбен байланыстыра отырып жазасыз. Ешкімге сенім артпайсыз. Уақыт үнемдейсіз. Керісінше, өзіңіз біліп тұрып, шпорға сеніп кірсеңіз, сенімділігіңіз жоғалады. Білетін нәрсеңізді нақтылап қарағыңыз келіп тұрады. Сіздің сыртқы бейнеңізден алаңдаушылық барын кезекші адамдар да аңғарып қоюы әбден мүмкін. Сондықтан, шпаргалка дайындаңыз, шпаргалкамен дайындалыңыз. Бірақ емтиханға алып кірмеңіз. Ең дұрысы – осы.

Ә. Жутаева