Көңілге тоқып жүріңіз

Көңілге тоқып жүріңіз
Фото: www.elarna.com

Мектеп бітіргеннен кейін болашаққа қарай қадам басып, жаңа өмірге бейімделеміз. Әр адам өз ортасының көшбасшысы болуға лайықты. Адамды бір ғана болмысына қарап  сыйлау мүмкін емес. Өте білімді адамның бойында адами қасиеттер болмауы мүмкін. Сол секілді адамгершіліктен аттамайтын адамның көп нәрседен хабары болмауы мүмкін. Адамды адами болмысына қарап бағалаған жөн. Құрметтейтін ең басты қасиет – қарапайымдылық. Бұл қасиетті көп адам дұрыс түсінбей де жатады. Кез-келген пендемен тең дәрежеде түсінісі білудің өзі– үлкен өнер. Өзін-өзі тәрбиелей алатын адам – ең мықты адам. Сіздерге осы тұрғыда бірнеше нақыл сөздерді ұсынамыз. Пайдасы тимесе де , зияны тимейтіні сөзсіз. 

1. Өзгелерден артық боламын деп арындама, шамаңды шақта. Тең түскенге қанағат ет. Бірақ тепкіге төзбе, ешқашан аяққа басылма.

2. Өзгені беске білуге тырысқанша, өзіңді үштікке білуге күш сал.

3. Теректің басын көтергені - жемісінің жоқтығы,                                                                                                   Пенденің кеуде көтергені - жетесінің жоқтығы.

4. Орамды сөзді орнына жұмсап, кісіні риза ету де – адамгершілік.

5. Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің, өркөкірек болғаннан ұлылыққа жетпейсің.

6. Өзіне-өзі күле алатын адам – ақылды адам.

7. Өзін жеңген адам – қаһарман,                                                                                                                           Өзін түсінген адам – данышпан.

8. Мәдениетті болу – қаздиып қатып киініп, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес.

9. Кешірімділіктің түп қазығы – түсінісу.

10. Тиімді жерде тіліңді тыймай, тиегін ағытып алсаң, өз сөзің өзіңе қақпан болады.

Өз кемшілігіңді өзің аңғарып, қатеңді түзей алатын шақ – жастық дәурен. Мосқалдық асуға қателігіңмен бірге өтіп кетсең тым кеш болады. Іргетасыңды мектеп кезіндегі ортада жүріп қалыптастырып алатын болсаң, кейін үлкен жетістіктерге қадам басқанда да жеке тұлға ретінде сыйға бөленесіз.

Ә. Жутаева