Түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады

Түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады
Фото: massaget.kz

ҰБТ-да шекті деңгейден өте алмаған түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады. «Біз ҰБТ-ны қайта тапсыруға арналған сұрақтарды дайындап, бекітіп қойдық. Айта кетейік, тест тапсырмаларына айтарлықтай өзгерістер енгізілген жоқ. Сондай-ақ бірыңғай кешенді тестілеуді қайта тапсыру датасы да белгілі болып отыр. 1-8 тамыз аралығында өтініштер қабылданып, 19-24 тамызда тестілеу өтеді. Түлектер тест тапсыратын жоғары оқу орындары әзірге белгісіз», – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.   

Ведомствоның болжауынша елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуді 14 мыңнан астам түлек қайта тапсырады. Құны – 2242 теңге. Естеріңізге сала кетейік, биыл ҰБТ-ға 84 079 түлек қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 61 739, орыс тілінде – 22 340. Шекті 50 балды 14 252 талапкер жинай алмады. 

Дереккөз: bnews.kz

Е. Жұмабайұлы