ҰБТ-да тәртіп бұзған 38 бітіруші тестілеуден шығарылды

ҰБТ-да тәртіп бұзған 38 бітіруші тестілеуден шығарылды
Фото: voxpopuli.kz

2-9 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 84079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61739, орыс тілінде – 22340 бітіруші.

Тестілеудің сегізінші күні 1 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. 125 балл жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Олардың саны әлі күнге дейін 19 адамды құрайды:

- Алматы қаласы – 6

- Оңтүстік Қазақстан облысы – 6

- Шығыс Қазақстан облысы – 2

- Павлодар облысы – 2

- Астана қаласы – 1

- Батыс Қазақстан облысы – 1

- Қарағанды облысы - 1

Тестілеудің сегіз күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

- ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші;

- емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші;

- сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші;

- тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет етуі – 1 бітіруші.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек. Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы.

Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

 

Е. Жұмабайұлы