ҰБТ-ның бірінші күнінде 3 оқушы 125 балл алды

ҰБТ-ның бірінші күнінде 3 оқушы 125 балл алды
Фото: massagetkz

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ҰБТ 44 пунктте өткізілді. Оған өтінім берген 18 599 түлектің 17 934-і қатысты. (13 026 - қазақ тілі, 4 908 - орыс тілі). Сонымен қатар төрт түлектің бірнеше мәрте ереже бұзғанына байланысты тестілеуден шығып қалғаны және тестілеу қорытындыларының жойылғаны айтылады. 

Сынақтан өтушілерден тыйым салынған 8 522 зат алынған. Айта кетейік, 2015 жылы 7 712 зат алынған болатын. Ал орташа балл - 83,7 (өткен жылы 79,7 балл). Министрліктегілердің айтуынша, көрсеткіштің жақсаруы ҰБТ-ға жақсы дайындықтың нәтижесі екен. 

Ал 50 балл шектік межесіне 2 277 түлек жете алмаған (12,6 пайыз). Ал 125 баллды Алматы қаласының үш түлегі алды. Олар - Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының екі түлегі және №12 мектеп-гимназиясының бір түлегі екен. Ал 100 баллдан жоғары алғандардың саны - 3834.

С. Ерсін