ҰБТ нәтижесін үйде отырып қалай білуге болады?

ҰБТ нәтижесін үйде отырып қалай білуге болады?
Фото: tengrinews.kz

Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тапсырушы түлектердің нәтижелерін ҰБТ-ның ресми сайты арқылы үйде отырып білуге болады.

ҰБТ нәтижесін үйде отырып білу үшін интернет болса жеткілікті. Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп, ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет.

Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген. Оның ішінде 63 мың мектеп бітіруші – қазақ тілінде, қалған 24 мыңға жуығы орыс тілінде білімін сынайды.

Айта кетейік, биыл қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі жүйеде тапсырып жатыр. Тест 10 маусымға дейін созылады. 

О. Сансызбай