ҰБТ. Келер жылғы сынақтың жаңалығы

ҰБТ. Келер жылғы сынақтың жаңалығы
Фото: massaget.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 2004 жылдан бастап өткізілді. Осы кезден бері дәстүрлі түрде өткізілетін болды. Биылғы ҰБТ сынағы соңғы рет дәстүрлі әдіспен өтеді. Дегенмен, бұл жылдың өз ерекшелігі бар. Мәселен, талапкерлер екінші рет қайта тапсыра алады. Алдағы жылы қандай өзгерістер болуы мүмкін және тағы да басқа сұрақтарға жауап іздейміз.

ҰБТ-ны екі бөлімнен тұрады

ҰБТ-ны дәстүрлі түрде өткізу келер жылы «сәннен» шығарылады. Бұл болашақ талапкерлер билет суырып, сұраққа жауап береді деген сөз емес. ҰБТ-ны өткізу форматы әртүрлі боллуы мүмкін. Шығарма жазып, ғылыми жоба қорғау секілді жаңалық енуі мүмкін.

ЖОО-ға қабылдану үшін электронды форматпен қайта тест тапсыру да болашақ түлектерге талап болуы мүмкін. Бұрындары ҚР БҒМ белгілі бір пәндерден ғана тест тапсыратынын хабарлаған болатын.

ҰБТ сертификатының «жарамдылық мерзімі»

Қазіргі таңда талапкердің ҰБТ-ны тапсырғанын айғақтайтық құжат – сертификат жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Сертификаттың жарамдылығын қай уақытқа дейін созатындығы 2017 жылы жария болады.

ҰБТ тапсырар алдында оқушы аурып қалса...

Егер талапкер қолайсыз жағдайға тап болса, оқушы талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) сынағына өтініш жазуы керек. Бұл тестілеудің қорытындысымен талапкер ЖОО-ға қабылдана алады. Талапкерлерді кешенді тестілеу сынағына өтініш қабылдау 20 маусымнан 9 шілде аралығында өтеді.

Апелляцияға шағымданғанда қандай оқу құралдары керек?

Оқушы ҚР БҒМ растаған оқулықтар мен оқу құралдарымен ғана сұраққа шағымданып, өз жауабын растай алады. Энциклопедия, анықтамалықтар, өзге де оқу құралдары және оқулықтарға сілтеме берілсе, өтініш қабылданбайды.

Г. Берік