Қазақстанда кешенді тестілеуді қайта тапсыруға болады

Қазақстанда кешенді тестілеуді қайта тапсыруға болады
Фото: massagetkz

Қазақстанда кешенді тестілеуді бірнеше рет қайта тапсыруға болады, − деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

"Колледж түлектері кешенді тестілеуді қайта тапсыра алады. Қазір олар сынақты шілде-тамыз айларында тапсырып жатыр. Енді біз оларға сынақты келесі жылдың ақпан айында, яғни 2017 жылы қайта тапсыруға мүмкіндік береміз. Сонымен қатар колледж түлегі жоғары оқу орнына қабылдана алады. Біз қазір бұл ережелерді дайындап жатырмыз. Ереже аясында түлектер жоғары оқу орнында оқып жүріп, кешенді тестілеуге дайындалады. Егер ол кешенді тестілеуден өтсе, оның қыркүйек айынан қаңтарға дейінгі оқыған кредиттері саналады және ол бірінші курстың ортасынан оқуды бастайды. Біз мұны әділ жол деп санаймыз",  деді Сағадиев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, Сенат депутаттары білім беру туралы заңға түзету енгізіп, бұл заңның мектеп түлектеріне ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік бергені хабарланған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін