Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Беларусь Республикасы қазақстандықтар үшін грант бөледі

Беларусь Республикасы қазақстандықтар үшін грант бөледі

Беларусь Республикасы қазақстандықтар үшін грант бөледі

Қазақстан азаматтарына Беларусь Республикасы бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша грант бөледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі 2009 Жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат (3 орын), магистратура (2 орын), докторантура (1 орын) бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

1) білім туралы құжаттың орташа балы;

2) білім алушылардың академиялық кезеңнің аяқталуы бойынша ағымдағы үлгерімі;

3) мамандығының жоғары білім дипломының мамандығына сәйкестігі (магистратура, докторантура үшін).

Беларусь Республикасында оқу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

- шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);

  • баспа әріптермен жазбаша толтырылған және суреті бар сауалнама (көрсетілген үлгіде);
  • жеке куәлік және/немесе ұлттық төлқұжат көшірмесі (нотариалды расталған);
  • нотариалды расталған қосымшасымен бірге соңғы білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • мектеп түлектері үшін – 9-сынып бойынша нотариалды расталған қосымшасымен аттестат көшірмесі, 10 және 11-сыныптардағы оқу үлгерімдері туралы табельдерінің мектеп мөрімен расталған көшірмелері, мектеп директоры растаған түлек мәртебесі туралы анықтама (нотариалды растаған);
  • студенттер үшін – қосымшасымен бірге дипломның немесе аттестаттың көшірмелері және жоғары оқу орнының оқу бөлімі растаған сынақ кітапшасынан (немесе транскрипттің) үзінді, түлек мәртебесі туралы анықтама (нотариалды расталған);

- медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);
- бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
- бар болған жағдайда ұсынымдық хат;
- транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;

- таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
- бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік не ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).

Өтінімді мына сілтеме бойынша ала аласыз.

Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарын және мамандықтарын қандидаттар өздері таңдайды.

Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде Т.А.Ә, мекенжайы, телефоны, жоғары оқу орнының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар файлдық мұқабада 2 данадан (1 түпнұсқа, 1 көшірме) болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ, Орынбор көшесі, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, (рұқсаттама бюросы).

Құжаттарды қабылдауды ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін (13.00-14.30 түскі үзіліс) жүргізеді, телефон +7(7172) 742390.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы 28 сәуір.

Фото: vk.com
Қосылған күні: 07 сәуір 2016, 15:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.