Есептеудің ең тиімді бес жолы

Есептеудің ең тиімді бес жолы
Фото: laprensa.com

Калькулятор қолдануға үйреніп қалғанымыз соншалықты, кей жағдайда қарапайым есептерді де шеше алмай ойланамыз. Бүгінгі материалда калькулятордың көмегінсіз есептеудің тиімді әрі жеңіл бес жолын айтамыз.

1. Беске көбейту

Санды 5-ке жеңіл көбейту үшін, алдымен санды 2-ге бөліп, содан соң 10-ға көбейткен жөн. Бірақ ол сіздің үйреншікті есептеу жолыңызға да байланысты. Біреулерге 5-ке көбейткен ыңғайлы. 

Мысалы: 22 х 5 = 110 немесе 22 / 2 = 11, 11 х 10 = 110

2. Төртке көбейту

Санды 4-ке көбейту кезінде көбейту кестесін еске түсіріп отырудың қажеті жоқ. 2-ге екі рет көбейту арқылы есептеген жеңілге түседі. 

Мысалы: 9 х = 36 немесе 9 х = 18, 18 х = 36

3. Үшке бөлінгіштігін тексеру

Кез келген санның 3-ке бөлінетіндігін білу үшін сол санды құрауыштардың қосындысы 3-ке бөліну қажет. 

Мысалы: 126, 1 + 2 + 6 = 9. 9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 126 саны да 3-ке бөлінеді.

4. Үш таңбалы санды 1001-ге көбейту 

Үш таңбалы сандарды 1001 санына қарапайым жолмен көбейтуге болады. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткен кезде, сол бірінші көбейткіш сан екі рет қайталанады. 

Мысалы: 589 х 1001 = 589589

5. Тоғызға көбейту

Егер санды ойша 9-ға көбейту қиынға түссе, сол санды алдымен 10-ға көбейтіп, одан сол бастапқы санды азайтып тастаңыз.

Мысалы: 24 х 9 = 216 немесе (24 х 10) - 24 = 240 - 24 = 216

А. Жапатова