Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Өмір семестрлер мен тоқсандарға бөлінбейді

Өмір семестрлер мен тоқсандарға бөлінбейді

Өмір семестрлер мен тоқсандарға бөлінбейді

Билл Гейтс жоғары сынып оқушыларына 11 кеңес ұсынады. Биллдің ойынша бұл сөздер мектеп қабырғасындағы оқушылар үшін таңсық болса керек.

1. Өмір — әділетсіз, бұл фактіге бойың үйрене берсін.

2. Өзіңді қалай құрметтесең де, қалай сезінсең де бұл жалғанға бәрібір. Әлем сенің түйсік қабілетің арқылы жетістікке жетуіңді күтеді.

3. Оқу бітіре салысымен 40 мың доллар жалақы алатын жұмысқа орналасамын деген ертегіге сенбей-ақ қой. Бірден жеке жүргізушісі бар лимузин иеленіп, компанияның вице-президенті болмайсың. Ол үшін алдымен миллиондаған сатылардан өтіп, еңбегің сіңіуі керек.

4. Егер мұғалімің қатал әрі тым талапшыл деп ойласаң, бастығың қандай боларын елестет. Болашақта бастығың да дәл сондай не одан да қатал болса, ол сенің жұмыстағы тапсырмаларды қалай орындауыңа байланысты.

5. Фаст фуд орталықтарында бургер дайындасаң, дәрежең төмендеп қалмайды. Ата-бабамыз тіпті сондай жұмысты да жақсы мүмкіндік деп таныған.

6. Әр басқан қадамыңдағы келеңсіздіктер үшін ата-анаңды кінәлауға асықпа. Сәтсіздігіңді арқалап жүре бергенше, одан сабақ алуға дағдылан.

7. Ата-анаң сен туғанға дейін, қазіргі сен ойлағандай іш пыстырарлық, тұнжыраған адамдар болған жоқ. Олар сені бағып-қағып, кір-қожалағыңды тазалап, таусылмайтын мылжың сөздеріңді тыңдаймын деп қазіргі күйге түсті. Әке-шешеңнің көңілін орнықты етемін десең, бөлмеңді реттеуден баста.

8. Кейбір мектептерде нашар баға қою жойылды және тестті неше рет тапсырам десе де, еркіндік берілді. Ал бұл шынайы өмірде не болып жатқанына мүлде әсер етпейді.

9. Өмір семестрлер мен тоқсандарға бөлінбейді, өмірде жазғы демалыс атымен жоқ. Сенің өз «меніңді» табуға көмектесетіндер тым аз. Сондықтан оған өзің жеке уақыт бөлуіңе тура келеді.

10. Теледидардан көргеніңді шынайы өмірмен шатастырма. Өмірде адамдар көп уақытын кофеханада емес, жұмыс орнында өткізеді.

11. «Очкарик-ботаниктермен» жақсы қарым-қатынас құруға талпын, күндердің күнінде олар сенің бастығыңа айналуы әбден мүмкін.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: brodude.ru
Қосылған күні: 04 қаңтар 2018, 15:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.