Мамандықтың бәрі жақсы: Агент

Мамандықтың бәрі жақсы: Агент
Фото: rudaki.ru

Агент — пәтер, ғимарат, жер иелерінің өкілі ретінде жұмыс істей алатын қызметкер. Жерді немесе үйді жалға алушыларды тауып, оны сатып, нотариуспен кездесуді ұйымдастырады. Үйді сатушылардан, жалға берушілерден нұсқау алып, керісінше оны жалға немесе біржолата сатып алатындардан ақша талап етеді.

Өзінің тұтынушыларына ақыл-кеңесін ұсынып қана қоймай, мүліктерді бағалайды. Мықты маман сатушы мен психологтың рөлін қатар атқарады.

Мүлікті бағалау үшін арнайы білімі болуы керек. Ғимараттар мен жертөрелерді детальды түрде қарап, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін айтады.

Мәмілеге қол қойылуы үшін агент мүлікке бағаны дұрыс беруі тиіс. Мұнымен қатар, сатушы мен сатып алушының қалауына назар аударғаны жөн.

Жеке қасиеттері: тіл тапқыштық, күйзеліске қарсы тұра білу, орындаушылық, міндеттілік.

Білім (Не нәрсені білуі керек?) Жұмысқа дипломсыз тұра алады. Алайда орта және жоғарғы білімді аяқтағандығы туралы құжаттар оның мансап жолында көтерілуіне немесе жұмысқа жылдам орналасуына айтарлықтай әсер етеді.

Жұмыс орны мен мансап. Мүлікке қатысты келісім-шарттарды реттейтін риэлторлық компаниялар мен ұйымдарда жұмыс істей алады. Маманданған риэлторлар көп жағдайда жеке бизнесін ашып, мүлік агенттігін құрады.

Қазақстанда пәтер мәселесі көп адамды ойландырады. Әсіресе бағасы шарықтап тұрған кезде. Оны сатып алып, артынша алаяқтарға алданып қалсам, үйімді тартып алады деп қорқады. Сол себепті, барлығының заңды өтуіне жағдай жасайтын риэлторлар қызметінің маңызы зор.

Мүлікке қатысты кеңесші. Әдетте елімізде аталған мамандықтың иесі атану үшін арнайы білім керек емес деп ойлайды. Яғни ешбір бала өскен кезде мүлікке қатысты жұмыстарды реттейтін агент боламын деп армандамайды. Мұның пайдасы да бар. ЖОО-да оқымасаңыз да, тәжірибеңіздің көмегімен аталған маман иесі атанып кете аласыз. Психолог, сатушы сынды мамандарды қуана жұмысқа қабылдайды. Көп жағдайда тұрақты айлығы болмайды. Бірақ жалақысы айтарлықтай жоғары.

Туыстас мамандықтар: коммерциялық агент, сатушы агент, сақтандырушы агент, мүлік бойынша агент, маркетолог, сатуға байланысты менеджер.

Қ. Бүйенбай