2-7 маусым күндері өткен ҰБТ нәтижесі

2-7 маусым күндері өткен ҰБТ нәтижесі
Фото: Massaget.kz

ҰБТ 165 бекет бойынша өткізілді. Тестілеуге 85 856 өтініш бергендердің ішінен (94,3%) 80 980 түлек қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Орта балл – 79,550 балдық шеткі деңгейден 65 947 түлек (81,4 %) өтті. 100 балдан жоғары нәтижені 14 133 (17,5 %) түлек алды.

125 балды 5 оқушы алды: Ердосова Гульназ Жандоскызы - Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мустафина Риана Еркінқызы- Астана қ. №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Куанышқызы - БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова - ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі; Яковлева Анастасия Владимировна - Алматы қ. №90 лицейі. 2014 жылы – 4 түлек.

Тестілеу нәтижесі ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінумен қатар Ұлттық тестілеу орталығы сайтына да енгізіледі (www.testcenter.kz)

Қ. Бүйенбай