ҰБТ-ның алғашқы күнінің нәтижесі

ҰБТ-ның алғашқы күнінің нәтижесі
Фото: massaget.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесі мен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес 2015 жылы ҰБТ маусымның 2-сі мен 8-і аралығында өткізіледі.

Биылғы жылы қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсыруға 87783 бітіруші тілек білдірді, оның ішінде: 62385 қазақ тілінде және 25398 орыс тілінде. 2014 жылы тестілеуге берілген өтініштер саны 92086-ті құраған, оның ішінде 63606 – қазақ тілінде және 28480 – орыс тілінде.

2 маусым күні тестілеуге 18889 бітіруші қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 13547, орыс тілінде – 5342.

Тестілеу 48 ҰБТ өткізу пунктінің базасында өтті.

Мүмкін болған 125 ұпайды Ердосова Гүлнәз Жандосқызы жинады. Бітіруші «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясында» білім алған, ал тестілеуді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Тараз қаласы) тапсырған.

Тестілеудің бірінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданып, аудиторияда тәртіп бұзған үшін 26 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

- тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 1 бітіруші;

- тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 18 бітіруші;

- ұялы байланыс телефондарын пайдаланған – 4 бітіруші;

- тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан – 1 бітіруші;

- емтихан материалдарын бүлдірген – 1 бітіруші;

- рацияны қолданған – 1 бітіруші.

Мына кестеде ҰБТ-ның қысқаша нәтижелері келтірілген:

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары бар. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданды.

Өтінішті беру барысында бітіруші апелляцияға берген әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелдемені де қоса беру керек.

Ф. Абилова