Биыл Астанада 3,5 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Биыл Астанада 3,5 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Фото: tn.kz

2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге Астана қаласының 3554 түлегі қатысады. Жалпы, 4407 оқушы мектепті тәмамдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысатын мектеп бітірушілердің ішінде 180 түлек "Алтын белгі" медаліне, 79-ы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, елордалық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде, Қазақ заң-гуманитарлық университетінде тапсырады. 5 пән бойынша өтетін тестілеу 3,5 сағатқа созылады.

М. Бисембаева