Білімсіз мұғалімдер қайдан шығады?

Білімсіз мұғалімдер қайдан шығады?
Фото: voxpopuli.kz

«Мұғалімдер педагогикалық мамандықтарға көбінесе үлгерімі орташа оқушылар тапсыратындығын айтуда. Мамандардың пікірінше, осының салдарынан білім сапасы айтарлықтай төмендейді», - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.

Мұндай лажсыз халден қалай құтылуға болатындығын Семей қаласында орналасқан Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің мамандары анықтауға тырысты. Аталған оқу орнының ректоры Шәріпбек Әмірбеков: 

- Мектеп пен ЖОО-ның жүйесі шырғалаң шеңберге ұқсайды. Педагогикалық мамандықтың түлектері ЖОО-ны тәмамдаған соң, мектепке жұмысқа орналасады. 2014 жылы Қазақстанда педагогикалық мамандыққа орташа есеппен 65 балл жинаған оқушылар тапсырған. Яғни, мектепке орташа деңгейдегі мамандарды даярлаймыз. Осының барлығы білім жүйесіне кері әсерін тигізеді, - деп өз пікірін айтты.

ЖОО мұғалімдері әріптестерін мамандық таңдау мәселесіне келгенде мұқият болуға шақырды.

Қ. Бүйенбай