2015 жылы ҰБТ-ға өзгеріс енгізілмейді

2015 жылы ҰБТ-ға өзгеріс енгізілмейді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі биыл тестілеуге өзгеріс енгізілмейтіндігін мәлімдеді. Шенеуніктердің соңғы жылдардың ішінде оқушылар сынағының форматын өзгертуді жоспарлап жүргені рас. Мұнымен қатар, экзаменнен өте алмаған оқушылар екінші мүмкіндікке ие болуы мүмкін. Ал қағаз бланкілерге қоса электронды бағдарламалар енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.

ҰБТ әдеттегідей 1-10 маусым аралығында өтеді. Тапсырылатын пәндердің тізімі де сол күйінде қалады.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің маркетинг және жоғарғы оқу орнына дайындық орталығының басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Людмила Гейцман: "Бұған дейін ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу мәселесі талқыланған болатын. Яғни мектепті бітірер кезде бір рет, ЖОО-ға түсер кезде екінші рет тапсыру мәселесі. Бұл ұсынысымыз қабылданбады. Меніңше, бұл ұсыныс ақылға сияды. Он жылдан бері қалыптасқан жүйені өзгерткеннен, оны түрлендіре түскеніміз жөн», - дейді.

- ҰБТ бір-бірте өзгеріп отырады. Электрондық нұсқасы енгізілуі мүмкін. Қағаз тестілеуді компьютерде тапсыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бағдарламаның дайындалып, енуіне бірнеше жыл керек болатын шығар. Осы уақыт аралығында базаны дайындап үлгеруіміз керек. Техника оқушыға еш кедергі жасамауы тиіс. Әзірге елімізде мұны ұйымдастыру қиынға соғатын шығар, - деп сөзін жалғады Людмила Гейцман.

Екінші мәселе – ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру.

- ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру мәселесі министрлікте қаралып жатыр. Процесстің нақты қалай жүзеге асатындығы әзірге белгісіз. Тестіні екінші рет тапсыру үшін ақша төлеулері де ғажап емес, - деп енгізілуі мүмкін өзгерістермен алдын ала таныстырып өтті.

Сурет: ©Қанат Бейсекеев

Қ. Бүйенбай