Мамандықты қалай таңдаған дұрыс?

Мамандықты қалай таңдаған дұрыс?

Мамандықты дұрыс таңдау арқылы бақытты өмірдің алғашқы баспалдағына қадам басамыз десек те болады. Оны таңдар кезде, өте мұқият болуымыз керек. Ол өмірімізді жаңа арнаға бағыттап, бұрын-соңды жүрмеген жолдармен өтуге мәжбүрлейді. Ал осы жолда адасып, адаспауымыз тікелей таңдауымызбен байланысты болады. Дұрыс таңдамаған жағдайда, төрт жыл өміріміз бос өтіп, тығырыққа тірелеміз. ЖОО-дан кейінгі өмірге еш дайындықсыз барамыз. Артынша отбасымызбен осыған байланысты ренжісеміз. Тіпті соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы да ғажап емес. Ал жаңылмауымыз үшін не істеуіміз керек?

Мамандық таңдау барысында оқушының өмірден өз орнын іздейтіні анық. Әдетте ата-анаңның немесе жүрек қалауына сүйенген жөн дейді. Бірақ мамандықтар рейтингін де ескеруді ұмытпаңыз. Тек ЖОО-лардың рейтингісі емес, сұранысқа ие мамандықтар туралы да ақпарат жинағаныңыз жөн. Мәселе тағдырымыздың шешілуіне қатысты болған кезде, рейтинг оған қандай өзгеріс енгізе алады?

Идеалдардың жасырынуы

Көз алдыңызға 2013 жылы еліміздегі ең білімді мамандардың көмегімен жасалған сұранысқа ие мамандықтар тізімін елестетіп көріңізші. Пайыздық көрсеткіші анық жазылғандықтан, болашақты бағдарлай алатын секілді көрінесіз. Арада бірнеше жыл өткен соң сіз таңдаған мамандығыңыз сәннен шығып қалады. Яғни оқуды бітіремін дегенше мамандар тым көп болып, сұраныс күрт төмендейді. Сұранысқа ие мамандықты меңгергіңіз келсе, дәл осындай тізімнің қайта жаңаруын күтуіңізге тура келеді.

Сұранысқа ие болып жүрген мамандық сізге ұнамай қалса не болады? Мансап жолында табысқа жетуіңіз тікелей осы тізімге байланысты деп ойлайсыз ба? Табысқа жетуге қажырлы еңбегіңіз бен біліміңіздің пайдасы болмағаны ма? Мұнымен қатар, сұранысқа ие мамандықты меңгерген студенттердің саны өте көп болады.

Әділдік іздеу

Мамандықтарды жақсы, жаман деп бағалауға болмайды. Журналисті филологтан, дәрігерді аудармашыдан артық деп айта алмаймыз. Мамандық таңдау барысында қабілетіңізге сай икемделгеніңіз де жөн.

Бес мамандықтың біреуі ғана қалады

Мамандықтар мәңгілік емес. Мысалы, көшір, жәмшік, масқарапаз, бурлак сынды мамандықтар туралы білесіз бе? Ал бөшкешілердің ғасырлар бойы бөшке жасағанын көбісі біле бермейді.

Қажетсіз мамандықтарды тізімнен сызған кезде, факультеттің білім бағдарламасына үлкен өзгеріс енеді. Қажетсіз мамандықты алғанмен, онда өтілуі тиіс сабақтарды оқытады. Бірақ ол сабақтар сіз күткендей тереңдетіліп оқытылмайды.

Әлемдік стандарт

Олай болса, мамандықтарды өзара қалай салыстырамыз? Мысалы, ЮНЕСКО нормасына сүйенуге болады. Аталған ұйым осыдан қырық жыл бұрын Білім берудің халықаралық стандарты классификациясы атты құжат ойлап тапқан. Арада көп уақыт өткендіктен, білім дәрежесі мен болашақтың мамандықтарына өзгеріс енетіндігі анықталған. Осыған сәйкес 2013 жылы оның жаңа нұсқасы туралы құжат шықты. Сонда не өзгерді?

Тіл, әдебиет, қоғамдық, жаратылыстану ғылымдары, математика, өнер және дене шынықтыру сынды пәндер "General" емес, "Generic" бағытына кіреді. Олар ендігіде базалық бағдарламалардың қатарын толықтырады. "Personal development" "personal skills" болып өзгерді. Яғни адамның бір нәрсені жасай білуі маңызды.  

Есіңізде болсын! Ақылды адам - әр істің нәтижесін алдын ала болжап, соған сай әрекет ете алатын адам. Сізге де солардың бірі болуға тілектеспіз!

Ал Сіз мамандығыңызды дұрыс таңдадыңыз ба? 

Сурет: collegeplan.guru

Қ. Бүйенбай