Қазақстанда колледж талапкерлеріне арналған мобильдік қосымша жасап шығарылды

Қазақстанда колледж талапкерлеріне арналған мобильдік қосымша жасап шығарылды

Қазақстанда колледж талапкерлеріне арналған мобильдік қосымша жасап шығарылды, оның көмегімен оқу орнын таңдауға болады. Бұл туралы Tengrinews.kz жоба жетекшісі Әсет Оспановқа сілтеме жасап хабарлады.

Қосымшаны жасап шығарушының айтуынша, ол мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар береді. Түлектер оқу орындары, ұсынылатын мамандықтар мен қабылдау талаптары туралы мағлұмат ала алады, сонымен қатар, жоспарда тұрған ашық есік күндері жөнінде push-хабарландыруға қол жеткізеді. Сонымен қатар, колледж түлектері үшін мекеменің фотогалереясы мен қосымша курстар туралы ақпараттар қолжетімді болады. Сондай-ақ, қосымша басшылықтың қабылдау бөліміне қоңырау шалып, сұрақтар қою мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, бағдарламада колледж студенттерінің қолдануына арналған функционал бар. Олар өткен шаралардың суреттерін, сабақ кестесін және соңғы жаңалықтарды көре алады. Айта кетейік, шұғыл ақпараттар push-хабарландыру арқылы жіберіліп отырады.

Жоба авторлары қосымшаны алматылық алты оқу орнына қосты - Индустрия және қонақжайлылық колледжі, полиграфия колледжі, құрылыс-техникалық колледжі, сервис және технология мемлекеттік колледжі, мемлекеттік бизнес және көп салалы колледжі. Колледж талапкерлері мен студенттері қосымшаны Google Play-ден жүктей алады. Авторлар бұдан әрі iOS-ке арналған нұсқаны шығаруды жоспарлап отыр.

сурет: tengrinews.kz

Е. Қайрахан