Мектеп бітіргенге дейін жасалуы тиіс 10 әрекет

Мектеп бітіргенге дейін жасалуы тиіс 10 әрекет

Оларды білім ордасының қабырғасында жүрген кезде жүзеге асырмасақ, артынша мүлдем уақытымыз болмай кетеді. Олай болса «сырға» толы тізімді ұсынамын:

1. Ғашық болу

Алғашқы махаббат – мәңгілік жүрегіміз бен жадымызда қалатын ұлы сезім. Мейлі үлкендер бұл нағыз махаббат емес десе де! Шындығында, дәл мұндай тәтті сезімді олар да бастан кешірген.

2. Өз қолымызбен бір нәрсе жасау

Жұмсақ ойыншық тігіңіз, отбасы суреттерінен коллаж дайындаңыз. Артынша мұның барлығын өзгелерге мақтанышпен көрсететін боласыз.

3. Спортпен айналысу

Жақын 1-2 жылдың ішінде семіргіңіз келмейді ғой? Олай болса жаттығу залына барыңыз, жүзіңіз, таңертең жүгіріңіз. Мұнымен қатар мұның барлығы түрлі ойдың жетегінде жүрген миымызды қалпына келтіруге көмектеседі.

4. Флешмобқа қатысу

Көңіл күйді көтереді, әрі барынша қызықты. Бұдан өзге көп адаммен бір толқында болуға мүмкіндік береді.

5. Қайырымдылықпен айналысу

Айналыңызға зер салсаңыз, көмекке мұқтаж жандарды көресіз. Қайырымдылық дегеніміз - міндетті түрде балалар үйіне ақша аудару емес, қариялар мен жасы кішілерге қамқор болу. Әрбір жақсы іс жан дүниемізді ерекше сезімге бөлейді.

6. Анамызға «Рақмет» айту

Не себепті рақмет айтатынымыз маңызды емес.

7. Тамақ жасап үйрену

Интернеттен бұрын-соңды жасап көрмеген тағамды таңдап, суретіне қарап пісіріп көріңіз. Аспаздық курсына жазылсаңыз, нұр үстіне нұр болады.

8. Шет тілін меңгеру

Бұл талқыға салынбайды! Себебі шет тілін меңгермесек, жақсы жұмысқа орналаса алмаймыз, алыс сапарға шығу мүмкіндігінен де айырыламыз. Ал саяхаттау ол мемлекет туралы кітаптан оқи салумен бірдей емес.

9. Құрбылармен пижама бастаңғысын өткізу

Ең жақын деген достарымызбен отырып кино көруден артық қандай қызықты іс бар? Және құпия-сырларымызбен де бөлісетін кез келген сияқты.

10. Жеке блог бастау

Әрбір қызда жігіт, сән, табыс, спорт, тағам туралы жазатын жеке блогы болуы тиіс. Бұл ешкімге қызық емес деп ойлайсыз ба? Қателесесіз! Интернетте сіздің жазғандарыңызды қызыға оқитын адам міндетті түрде табылады.

Ал сіз бұл тізімді қалай толықтырар едіңіз?

Сурет: voxpopuli.kz сайтынан алынды (өңделген)

Қ. Бүйенбай