"Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: gov.kz

Бүгін "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңіп шыққан 64 ұстаздың әрқайсысына "Үздік педагог" төсбелгісі мен 2 788 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақы табысталды.

"Ең басты мамандық – ол ұстаз. Өйткені ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелейді, білім береді", – деп мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында құттықтау сөзін бастаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Биыл байқауға еліміз бойынша 143 мұғалім қатысты. Жеңіп шыққан 64 ұстаздың әрқайсысына "Үздік педагог" төсбелгісі мен 2 788 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақы табысталды.

Салтанатты іс-шарада Министр Асхат Аймағамбетов қазіргі жағдайда аянбай еңбек етіп жүрген барша мұғалімдерге алғысын білдірді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан білім беру саласына үлкен көңіл бөлініп жатқанын да тілге тиек етті.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен білім саласын дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына ерекше назар аударып, жуырдағы Жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. "Ұстаз мәртебесі туралы" Заң қабылданғанын білесіздер. Заң шеңберінде 70-тен аса түрлі бұйрық, қаулы бекітіліп, іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті. Алдағы жылы тағы 25 пайызға көтеріледі. Президент осындай тапсырма берді және оны біз орындап жатырмыз. Бүгінгі таңда ұстаздарымыз үшін тиісті жағдай жасауды жалғастыруымыз керек", – деді министр.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан болашақ ұстаздардың шәкіртақысы да айтарлықтай көтерілгеніне назар аударды. 1 қыркүйектен бастап олардың стипендиясы 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсті. Айта кетейік, биыл мұғалім болу үшін оқуға түскен азаматтарға қойылатын талаптар да күшейтілді: шектік балл 50-ден 70-ке дейін көтерілді.

"Үздік педагог – 2020" жеңімпазы атанған ұстаздар

Зауреш Батырова – музыка пәнінің мұғалімі, Ақмола облысы

Люция Подолько – бастауыш сынып мұғалімі, Ақмола облысы

Еркегуль Сулеймэн – бастауыш сынып мұғалімі, Ақмола облысы

Салтанат Хусаинова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақмола облысы

Балия Джулаева – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе облысы

Санзира Қалбек – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе облысы

Еркін Тобылбаев – тарих пәнінің мұғалімі, Ақтөбе облысы

Жайнагүл Адилова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе облысы

Индира Байгожина – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы облысы

Мұрат Буланов – математика пәнінің мұғалімі, Алматы облысы

Людмила Герман – бастауыш сынып мұғалімі, Алматы облысы

Айнұр Кабдуллина – арнайы пәндер мұғалімі, Алматы облысы

Арнұр Қазыбеков – физика пәнінің мұғалімі, Атырау облысы

Қанат Елубаев – тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы

Наталья Мельникова – бастауыш сынып мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы

Жанар Сағатбекова – математика пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы

Марал Нигметжанова – қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы

Жандос Досыбаев – физика пәнінің мұғалімі, Жамбыл облысы

Жанар Жангасиева – тарих пәнінің мұғалімі, Жамбыл облысы

Нағима Каймалакова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл облысы

Қанатбек Мұраталиев – арнайы пән мұғалімі, Жамбыл облысы

Мирболат Куспанов – қосымша білім беру педагогі Батыс Қазақстан облысы

Гүлдана Нугманова – тарих және құқық пәндерінің мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы

Бану Түсіпханова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысы

Мейрамгүл Табынбекова – тарих пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысы

Карина Нугуманова – химия пәні мұғалімі, Қостанай облысы

Елена Якимчук – биология және химия пәндерінің мұғалімі, Қостанай облысы

Лязат Ерденова – арнайы пәндер және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, Қостанай облысы

Қанат Жумагулов – алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, Қостанай облысы

Зина Бердибекова – ән-әуез жетекшісі, Қызылорда облысы

Қуат Байназаров – география пәнінің мұғалімі, Маңғыстау облысы

Майра Изтурганова – музыка пәнінің мұғалімі, Маңғыстау облысы

Қарлығаш Сүлейменова – физика пәнінің мұғалімі, Маңғыстау облысы

Жамила Карабасова – арнайы пән оқытушысы, Маңғыстау облысы

Батис Муратова – арнайы пән оқытушысы, Маңғыстау облысы

Анар Альдекенова – тарих және география пәндерінің мұғалімі, Павлодар облысы

Серік Тюлегенов – география пәнінің мұғалімі, Павлодар облысы

Гүлмира Хамитова – биология пәнінің мұғалімі, Павлодар облысы

Ольга Юсупова – физика пәнінің оқытушысы, Павлодар облысы

Гүлнар Арықпаева – француз тілі пәнінің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы

Айсұлу Баязитова – физика және математика пәндерінің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы

Ерлан Букенов – тарих пәнінің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы

Алексей Чернов – өндірістік оқыту шебері, Солтүстік Қазақстан облысы

Самат Мамбетов – математика пәнінің мұғалімі, Түркістан облысы

Алтынай Молдадосова – тарих пәнінің мұғалімі, Түркістан облысы

Диларам Анарбаева – арнайы пән оқытушысы, Түркістан облысы

Нұрдәулет Кудабаев – ағылшын пәнінің мұғалімі, Нұрсұлтан қаласы

Сандуғаш Парманова – математика пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Светалана Муравьева – арнайы пәндер оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы

Салтанат Бисенгалиева – арнайы пәндер оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы

Дана Байдильдинова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Мират Оспанов – физика пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Гүлжанат Райсханова – химия пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы, РФММ

Гүлбану Махамбетова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы, Абай атындағы республикалық мектеп-интернаты

Динаш Оспан – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы, Абай атындағы республикалық мектеп-интернаты

Жазира Джуматаева – тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімі, Алматы қаласы

Айгуль Ишангалиева – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы 

Кульшат Сейсенбаева – бастауыш сынып мұғалімі, Алматы қаласы

Елнар Ахметов – арнайы пән оқытушысы, Алматы қаласы

Жанат Байсуйеуева – математика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы, РФММ

Сауле Шинасилова – математика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы, РФММ

Гульзира Анартаева – орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шымкент қаласы

Гүлдана Дауленбаева – бастауыш сынып мұғалімі, Шымкент қаласы

Жадыра Шәбден – химия пәнінің оқытушысы, Шымкент қаласы

Н. Үсенова