Нұр-Сұлтан қаласында IEO-2020 Халықаралық экономика олимпиадасы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында IEO-2020 Халықаралық экономика олимпиадасы өтеді
Фото: ecolymp.com

АХҚО Бюросы Astana International Campus алаңында экономика бойынша мектеп оқушылары арасында өтетін келесі IEO-2020 Халықаралық олимпиадасын өткізеді. Оған жыл сайын жиырмадан аса елден жүздеген жоғары сынып оқушылары қатысады.

Ашық дауыс беру 25 шілдеде Санкт-Петербург қаласында өткен екінші халықаралық олимпиада (IEO) аясында өтті.

Биыл олимпиадаға 24 мемлекеттен 16-18 жас аралығындағы 29 команда, 133 жоғары сынып оқушысы қатысты, олардың арасында Аустрия, Бразилия, Қытай, Қазақстан, Үндістан, Испания, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, АҚШ және тағы басқа елдердің қатысушылары бар. Қатысушылардың барлығы – өз елінде өткен ұлттық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары.

Экономика олимпиадасының қазақстандық ұлттық кезеңдері екінші жыл қатарынан АХҚО алаңында өткізіледі. AIFC Finance Olympiad жеңімпаздары IEO-2020 халықаралық кезеңінде елді таныстыруға мүмкіндік алады.

Мәселен, былтыр Мәскеуде өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасы командалық есепте ІІІ орын, бизнес-кейсті шешу турында II орын алып, жеке есепте күміс және қола медальдарды жеңіп алды.

Қазақстанның ұлттық құрама командасы құрамында Қарағанды, Орал, Семей, Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің жоғары сынып оқушылары бар. Экономика бойынша халықаралық олимпиада үш кезеңнен тұрады: қаржылық сауаттылық, экономика және бизнес-кейстерді шешу. Жабылу рәсімі және нәтижелерді жариялау 2020 жылы 31 шілдеге жоспарланған.

Massaget