Қазақстан білім жүйесінің құндылықтары мен мақсаттары

Қазақстан білім жүйесінің құндылықтары мен мақсаттары
Фото: strategy2050.kz

Қазақстанның білім жүйесі 12 жылдыққа ауысып жатқаны бәрімізге мәлім. Бұл жаңа жүйенің негізгі құндылықтары мен мақсаттары қандай?

Білім жүйесінің құндылықтары мен мақсатттары қазақтың менталитетін, ұлттық-тарихи дәстүрлерімен біріге отырып, өскелең ұрпақтың бойындағы бүкіл әлемдік мәдени сауаттылықты жетілдіруді қолға алады.

Қоғамдық құндылықтарды жетілдіру мақсатында Қазақстан білім жүйесі мына бөлімдерге аса назар аудармақ:
– Денсаулық, мәдениет, жалпы сауаттылық, кәсіби маман ретінде жетілу;
– Отбасы, Отан, тұлғаның қоғаммен байланысы;
– Өзіне және туған жеріне деген жауапкершілік сезімі, әділеттілік пен толерантты болу, халықарлық, ұлтаралық қарым- қатынастағы өзара үйлесімділік;
– Қоршаған орадағы пайдалы қазбаларды адамның негізгі бөлшегі ретінде қабылдай отырып, оларды білу, дамыту және қорғауға баулу;

Бұл құндылықтар баланың адами тұрғыдан жетілуін қамтамасыз етеді. Ұлттық  білім беру жүйесіне сәйкес құндылықтар негізі қандай?
– Ұлт мәдениетінің негіздері;
– Бала тәрбиесі мен оқыту жолына сәйкес қалыптасқан ежелгі дәстүрлер;
– Білікті педогог мамандардың оқыту жүйесіндегі озық нәтижелер және оларды оқушыға жеткізу мүмкіндігі.

Бұл құндылықтардың барлығын бір уақытта баланың бойына сіңіру мүмкін емес. Сол себепті, бұл негіздер бойынша баланың жасы мен оның қабылдау мүмкіндгіне сәйкес бөлімдерге жіктеген. Мысалы:

Бастауыш мектеп – баланы ұлттық – этникалық құндылықтар әлеміне қарай жетелеу;
Негізгі мектеп – ұлттық-мемлекеттік құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру және оны жетілдіру үшін жұмыстану;
Мамандандырылған мектеп – бүкіл адамзат баласының бірлігі мен олардың қалыптасуы, қарым-қатынас негізін сипаттай отырып,  жас буынның санасына сіңіру.

Жалпы білім беретін мектептердің мақсаты тек білім сапасын жетілдіріп қана қоймай, олардың өмірде адам ретінде қалыптасу мүмкіндігін беру арқылы  бағаланбақ. Пәндік сабақ беру арқылы оқу курсатры мен модулдерінің негізгі міндеті мен бағытын анықтауға мүмкіндік туады.

Пән негізінде бала бойында әлем тілдеріне деген құрмет пен сыйластық туады. Өйткені, олардың бойында қазақ тілінде, орыс тілінде және шет тілінде сөйлеу дағдылары қалыптасады. Олар әдеби мұраны еркін қоданып, оның жазылудағы мақсатын меңгереді.

Сонымен қатар, олардың математикалық сауаттылығы жоғары деңгейде дамиды.

Шығармашылық салада ақпараттық және коммуникативті технологияларды қолдануды меңгереді. Ғылыми жұмыстарға мән бере отрыып, адамның табиғаттағы орны мен рөлін ұғады. Халқының тарихын, өткенін және бүгінгі күні жүргізіп жатырған саяси құрылымын меңгереді. Бастысы, бала кезінен бәсекеге қабілетті болып өсіп қана қоймай, болашақта мамандық таңдауда, өзінің мақсаттарын айқындайда қателік жібермейді. 

Міне, 12 жылдық білім беру жүйесінің балаға ұсынатын негізгі құндылықтары мен көздеген мақсаттары осындай. Әр пән негізінде сауаттылық деңгейі артып қана қоймай, баланың өмір сүру қағидасы қалыптасады.

Т. Есқали