Массагет порталы "Математика сабақтары" атты жобаны іске қосты

Массагет порталы "Математика сабақтары" атты жобаны іске қосты

Құрметті оқырман! Массагет порталы бүгіннен бастап назарларыңызға әр дүйсенбі күні жарияланып тұратын математика пәні дәрістерін ұсынбақ. Дәрістер жеңіл амалдардан басталып, уақыт өте күрделене береді. Сол себепті мектеп қабырғасында толық түсінбеген тақырыптарыңызды бізбен бірге қайталап, мысалдарды бізбен бірге шешуге мүмкіндігіңіз бар. Тағы бір айта кетерлігі, бірінші сабақты көріп, өз ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді жазуды ұмытпағайсыздар. Бізден кеткен қате немесе кемшілік болса, біз оларды міндетті түрде түзеуге тырысамыз. Сабақтарды "Массагет Тв" модулінің "Сабақтар" айдарындағы "Математика сабақтары" деген бөлімінен көре аласыздар. Қапы қалмаңыздар! Іске сәт!

Y. Almabek