Сыныптастар арасында құрметке ие болудың 6 тәсілі – 2

Сыныптастар арасында құрметке ие болудың 6 тәсілі – 2
Фото: pixabay.com

Кез келген ұжымда көпшіліктің көзайымына ие болатын және жанындағылармен сыйыса бермейтін адамдар болады. Соңғысы өзі секілді адамдарды жанына топтастырады немесе жалғыздықта өмір сүреді. Дәл осындай жүйе сыныпта да қалыптасқан. Әрдайым өзіне назар аудартатын оқушы болады.

Сіз олардың жолы болғыш келеді деп ойлайсыз ба? Мүлдем олай емес! Бар болғаны олар табысқа жету жолында біраз еңбектенеді. Сізге бір құпия ашайын, бұл сіздің де қолыңыздан келеді.

Ал сыныптастарыңыздың арасында құрметке бөленуге төмендегі кеңестер көмектеседі:

4. Әлсіздерді қорғаңыз

Екеуі біреуге жабылып, қалғандары шетте тұрды. Олардың барлығы бірдей, себебі бұл әрекеттің дұрыс еместігін айта алмайды.

Ал сіз бұл қалыптасып қалған «саясатқа» қарсы шығыңыз. Әрине, дұшпандарыңыз көп болса, денсаулығыңызды құртқан жарамас. Бірақ біреуді қорғап жатқаныңызды көрген адамдардың сізге деген көзқарасы өзгереді. Жанардың Қожаны қалай қорғайтыны естеріңізде ме? Осылайша сізді «Достарымның арасында құрметке қалай ие боламын?» деген сұрақ мазаламайтын болады.

5. Ерекше бір нәрсе жасаңыз

Достарыңызды үйге шақырып, көңілді кеш өткізіңіз. Жиналған соң гитара мен домбырада ән салып, қызықты ойындар ойнаңыздар. Мұнымен қатар барлығына бірдей жағымпаздануға тырыспаңыз, бар болғаны жылы қабақ танытыңыз. Мейрамды ұйымдастыру үшін бір себеп ойлап табыңыз. Мұндай көңілді кештердің арқасында бір-бірлеріңізді жақсы танисыздар.

6. Өзіңізді ренжітуге мүмкіндік бермеңіз

Егер сыныптастарыңызға өзіңізді мазақтап, күлкі етуге жол берсеңіз, жоғарыда айтылған кеңестердің барлығы өз күшін жояды. Сізге 10 адам қарсы шықса да, өзіңізді ренжітуге мүмкіндік бермеңіз. Өзіңіздің қызығушылығыңыз бен позицияңызды соңына дейін қорғаңыз. Ал егер жағдайдың қиындап бара жатқанын байқасаңыз, көмек сұраңыз. Өзін-өзі қорғай білетін жандарды сыныптастары міндетті түрде сыйлайды.

Қ. Бүйенбай