Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі бөлек кетуіне не түрткі болғанын айтты

Екатерина Вайт Анна Данченкоға берген сұхбатында әнші Сейфуллин Жолбарыспен не үшін ажырасып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сейфуллин Жолбарыс пен Екатерина Вайт 2 жыл бұрын ресми түрде ажырасқан. Алайда олар бағдарламаларға ерлі-зайыпты ретінде келіп, сұхбат беріп жүрді.

"Біз ажырасқаннан кейін мен бөлек кеттім. Қыздарыммен бөлек тұрдым. Ол қайта қосылуға талай тырысты. Қасыма келеді, мен кешіріп, қасыма кіргізіп алған кездер болды. Мен қайта қосылып кетеміз шығар деп ойладым. Бұлар сол аралықта түсірілген сұхбаттар. Ол ешкімге айтпай-ақ қояйық деді", - дейді Екатерина Вайт. 

Ол бөлек кетуіне қыздары түркі болғанын жасырмады.

"Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар "ана, кетейікші" деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек. Қыздарым әкесімен кездесіп тұрады", - деді Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі.

Журналист одан ажырасуының себебі өзге әйел ме деп сұрады.

"Ажырасуымыздың себебін айтпаймын. Сейфуллинге ешқандай ренішім жоқ және оған ешқандай кінә тақпаймын", - деді Екатерина.

Еске салайық, жақында әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелімен ажырасып кеткенін ресми түрде мәлімдеді.

"Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз 🙏🏼", - деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!