Алматыда тағы бір заңсыз нысан cүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сүрілген.
Нысан басқарма инспекторлары қала құрылысы заңнамасы сақталуына жүргізген бақылау барысында анықталған.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған базар сүрілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова