Қазақстанның бас бапкері Рикардо Кака: “Мұндай керемет эмоция сезінбеген едім“

Қазақстан құрамасы футзалда Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Матчтан кейін Қазақстанның бас бапкері Рикардо Кака эмоциясын жасыра алмады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды. 

"Мұндай керемет эмоция сезінбеген едім. Бұрын да жеңіс пен жеңілістер болған, бірақ дәл бүгінгідей жеңісті сезбедім. Бірақ біз әлі жарысты ұтқан жоқпыз. Әрине, бұл өте жақсы. Бірақ біз тек бір кезеңнен ғана өткенімізді ескерейік. Енді алдағы қарсыластарымызға дайындалуымыз қажет. Қуанышымызды тез басып, келесі ойынға дайындалу керек", – деді ол матч аяқталған соң. 

Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан құрамасын құттықтаған хаттар толассыз келіп жатыр екен. 

"Бұл – Қазақстанның және бізді қолдап жатқан Өзбекстанның да жеңісі. Бразилиядан да хаттар келіп, жігіттерімізге сәттілік тілеп жатыр. Плей-оффқа тоқталсақ, ерте кезеңде-ақ әлемдегі ең мықты ұжымдардың жолдары түйісті. Қуанышымызға қарай, барлығы біздің пайдамызға шешілді", – деді Рикардо Кака.

Айта кетейік, 30 қыркүйек күні Ташкент қаласында Аргентина мен Хорватия ойнайды. Қазақстан құрамасы жеңген құрамамен кездесу өткізеді. Қай жеңгенімен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!